ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Күзгі жиын-терім науқаны қызу

19:39, 18 тамыз 2021

Күзгі жиын-терім жұмыстары барлық ауданда басталды. Шаруалар алқаптың әр гектарынан 8-9 центр өнім алуды көздеп отыр. Кейбір ауыл аймақтарда егіннің шығымы бұдан да жақсы. Ертіс өңірінің жұртшылығы қысқа мал азығын дайындауға да кірісті. Тіпті облыс апта соңында құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау өңіріне мал азығын жөнелтпек.

Биыл егіс алаңы 1 млн 468 мың гектарды құрайды. Алқап ауданы өткен жылмен салыстырғанда 37 мың гектарға артқан. Мамандар осы күзде жиналатын астық түсімі былтырғы көрсеткішке қарағанда мол болады деп болжам айтады.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Дәнді дақылдар  бойынша - 778 мың тонна. Енді бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда, 28 мың тоннаға артық. Сонымен қатар, майлы дақылдар - 126 мың тонна түсім көзделіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 мың тоннаға артық. Картоп - 558 мың тонна. Өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық. 

Дәнді дақылдардың ең жоғары шығымдылығы Ертіс және Ақтоғай  аудандарында болжанып отыр. Онда гектарынан 12 центнер шамасында өнім алу күтілуде. Ал, Успен және Шарбақты аудандарында тиісінше шығымдылық 9 центерге де жетпейді. Егін жинау науқанына барлығы 10 720 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.  

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Күзгі дала жұмыстарына 1850 астық комбайны қатысады деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде қуаттылығы ескі үлгідегі комбайндарға қарағанда 3 есеге жоғары комбайндар тартылатын болады. Енді бұл қазіргі заманға сай техникалар. Күндізгі өндіру 252 мың гектарды құрайды. Бұл қолайлы жауын шашынсыз ауа райында дәнді-дақылдарды 30 күн ішінде аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, жалпы соммасы 12 млрд теңгеге 596 бірлік су жаңа техника сатып алынды.  Бұдан бөлек, жиын-терім жұмыстарына 21 000 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бұл бөлінген көлем ішкі қажеттілікті толықтай қамтамасыз етеді. Шілде және тамыз айларына бөлінген көлемнен 7314 тоннаға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен төлем жүргізілді. Осы жанар-жағармайдың бағасы бүгінгі күні литрі 164 теңгеден беріліп жатыр. Бұл енді нарықтық бағамен салыстырғанда 18 пайызға төмен.

Бүгінде жем-шөптің 75 пайызы жиналды. Павлодар облысы Маңғыстау облысының құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлеріне 10 вагон ірі жем-шөпті өтеусіз негізде жөнелтеді.

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...