ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Картоп сапасына шағымданушылар көп

19:52, 16 ақпан 2022

Павлодар облысында әлеуметтік дүкендерде сатылатын картоптың сапасына шағымданушылар көбейді. Өңіріміз картоп өсіруден елімізде алдыңғы қатарда болғанымен өз тұрғындарын сапалы өніммен жарытпай отырғаны қалай? Шаруалар бізден кеткен картопта мін жоқ деп ағынан жарылды. Сонымен, мәселе қайдан шығып отыр? Тілші сюжетінде.

Биыл картоп өсіруші шаруашылықтармен ауыл шаруашылығы басқармасы меморандумға қол қойды. Соған сәйкес облыстың әлеуметтік дүкендері  арзан әрі сапалы картоппен қамтамасыз етілуі тиіс. Бірақ осы әлеуметтік бағадағы картопқа тұрғындар тарапынан сын жиілеп кетті. Оны бірнеше күн бұрын аталмыш сауда орындарын аралаған аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та байқады. Сол себепті өнімнің сапасын жақсартып,  мәселені реттеуді тапсырды.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Негізінен картоптың сапсына мән беріп отырмыз. Сол себепті шаруашылықтардан ауыл шауашылығы бөлімдері қарайтын болады. қалаға келгене кейін кәсіпкерлер, басқармасы тексеріп қабылдап алатын болады.

Айта кетейік, қазір Павлодардың 77 әлеуметтік дүкені 2810 тонна картоппен қамтылды. Түсіндіріп кетсек, тауар өндірушілер меморандум аясында картопты 95 теңгеден жіберсе, әлеуметтік дүкендер оны 115 теңгеден сатады.

Ал, сауда нүктелері картоптың бағасын 125 теңгеден асырмауы тиіс. Сонымен, әлеуметтік дүкендердегі картоптың тез бұзылып, топырақ аралас болуына келсек. Бірінші себеп әрине, өсірілген жеріне байланысты екен.

Ал, екінші себепті оның сақталу процесімен байланыстырады шаруалар.  

Қайрат Әбішев, «Дәнекер» шқ басшысы:

Біз әдейі бұзылған картопты салмаймыз ғой. Ертең бізге оны қайтарып береді. Оның бәрі алдын ала екі рет тазалаудан өтеді. Құрғақ, таза болса қоймадан жібере береміз. Мәселе оның неше градуста қай жерде сақталуында.

Равиль Мингазов, «Тимур» ШҚ басшысы:

Егер +2 градустан артық болса картоп өсіп кетеді. Температуралық режим сақталмаса ол осы уақытта өсуі керек. Сапасыз шіріген болса, осы уақытта шіри бастайды. Ал біздің картопты өздеріңіз көріп тұрсыздар.

Бұл Ақсу ауылдық аймағына қарасты Евгеньевка ауылындағы «Тимур» шаруа қожылығы. Күзде 20 мың тоннадай өнім жинаған. ОНың 9-10 мың тоннасы сатуға, 10 мың тоннасы тұқымға қойылды. Меморандум аясында сақталып тұрған өнім де бар.

Самал Қалиқызы, тілші:

Бұл қоймада қазір 250 тоннадай картоп жатыр. Оның барлығы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен әлеуметтік дүкендерге жеткізілетін болады. Күз кезінде картоп сұрыпталды. Сондықтан оның сапасы сын көтеруі тиіс дейді шаруалар. Мәселенің барылғы оның сақталуынад екен. Қазір қоймада ауар температурасы +2 градус. Ал одан асатын болса әрине мына картоптың барлығы бүлінуі мүмкін.

Ал, дүкендерге жеткізетін өнімнің жалпы сапасына тоқталсақ. Бұл шаруалар мен жеткізушілердің жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Равиль Мингазов, «Тимур» ШҚ басшысы:

Мүмкін шаруалардың қолдағы  бар картобы сол шығар.  Немесе жауапкершіліктері төмен. Мүмкін картоп дұрыс сақталмаған шығар. Аймақ бойынша қанша тауар өндіруші болса, сонша себеп бар бұған. Менің ойымша, экспортқа сапалы қартопты шығарып, жаманын өз жерлестеріне алып қалғандар болса, дұрыс емес әрине. Мәселеге жауапты қарау керек.

Шаруашылық қоймаларынан шыққан картопқа тиісті жағдай жасалмағандықтан әрине тауар ұзақ уақыт сақтауға келмейтін көрінеді. Осы ретте ауыл шаруашылығы басқармасы мәселені қолға алып, жағдай қайталанбайды деп отыр.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...