ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Картоп пен сәбіз арзан бағада сатылады

19:07, 11 ақпан 2022

Ішкі нарықты арзан көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыста жергілікті тауар өндірушілермен меморандум бойынша жұмыс істейтін сауда нүктелерінің саны екі есе ұлғайтылды. Бірақ бағаны көтеру фактілері әлі де бар. Аймақ басшысы бұндай жағдайда кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың ірі көкөніс өсірушілермен кездесуі барысында нарықтағы жағдай талқыланды. Өңір басшысы жыл басында қабылданған картоп пен сәбізді Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салу туралы шешім қайта қаралғанын айтты.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз үкіметке жеке ұсыныс жіберген болатынбыз. Осы ұсыныс бойынша 1 ақпаннан бастап алып тастауды мақұлдау және ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін 144 мың тонна көлемінде тауарлық картопты және 57 жарым мың тонна тұқымдық картопты квоталауды енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл ағымдағы жылдың мамырына дейін өнімнің бүлінуіне жол бермеу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне айтарлықтау қолдау көрсету.

Енді өндірушілер картопты бекітілген квота бойынша, ал сәбізді шектеусіз экспорттай алады.

Зейнолла Сәлменбаев, ШҚ басшысы:

Біз экспортқа, шетелге картоп шығарғанымызға бес-ақ жыл болды. 2017 жылдан бастап. Биыл біз қатты қиналдық. Өзіміздің партнерларымызды жоғалтып алдық. Қазір олар келмей жатыр бізге. Ираннан, Өзбекістаннан алып жатыр. Ресей келетін, бірақ олар да басқа жақтан алып жатыр. Енді ашылғаны біз бәріміз қуанып жатырмыз.

Дегенмен, ешбір жағдайда ішкі нарықта көкөніс тапшылығы болмауы керек. Бағаны көтеруге негіз жоқ деді әкім.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Облыстың қажеттілігі көп емес. 90 мың тонна. Бұл көкөністер қоймада бар, оларды сақтауға арналған қоймалар да жеткілікті. Бірақ неліктен көкөніс тұтынушыға жетпей отыр?

Меморандумға сәйкес, 30 мың тонна картоп пен 6 мың тоннадан астам сәбізді келісіне 95 теңгеден аспайтын бағада саудалануы тиіс. Алайда төрт айда бұл көлемнің 10 пайызы ғана Павлодар облысында сатылған. Әбілқайыр Сқақов мұның себебін логистиканың нашар жолға қоюы және арзан көкөністер сатылатын сауда нүктелерінің аздығы деп айтты.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Біз енді жалпы Павлодар облысы бойынша жұмыстар жүргіздік. Қажеттіклікті қамтамасыз етеміз.

Әкім арзандатылған өнімді алатын кәсіпкерлер оны басқа жаққа өткізбеуі тиіс екенін еске салды. Олай болмаған жағдайда, кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...