ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қарақұмық бағасын негізсіз көтергендер жазаланды

08:45, 28 наурыз 2022

Павлодарда көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар қарақұмық бағасын негізсіз көтерген. Олардың бұл әрекеті алғаш рет анықталып отырған жоқ.

Екі жыл қатарынан, сондай-ақ биыл қаңтар айында да қымбатшылықты қолдан жасаған.  Өңірлік бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің нақты дәйектері бар. Өкілеті органның мәліметіне қарағанда саудагерлер өзара ымыраласып, бір мезгілде жеке дүкендерге өнімді қымбат бағамен беріп отырған.

Бейбіт Молдабеков, бәсекелесікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы:

Бұл екі серіктестіктің өңірдің ішкі нарығында қарақұмық өнімін сату бойынша 50 пайыздан астам үлесі бар. Олардың бірі бағаны бес пайызға, ал екіншісі 23,8 пайызға еш себепсіз қымбаттатып жіберген. Оларға дереу арзандату жөнінде хабарлама жіберілді. Заңды мерзімінде орындалмаса, тергеу жүргізіледі.

Департамент мәліметінше, кәсіпорын бағаны әлі түсірмеген. Дүкендерде қымбат бағада саудаланып жатыр. Қарақұмық құнын реттеу үшін оларға заң бойынша 30 күн уақыт берілген. Атап өтейік, жауапты департамент әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына үнемі мониторинг жүргізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...