ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Инвестжобалар жүзеге асып жатыр

19:43, 8 қазан 2021

ПавлодарЭнерго Облыс орталығында бірнеше ірі инвестжобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл шаралар желілер мен құрылғылардың тозуын ғана емес, жаңа тұтынушылардың электрэнергияға қосылуына мүмкіндік береді.

«Павлодар Электр желістік Тарату Компаниясы» АҚ биыл 2 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Жобалардың жартысы келер жылдың соңында толығымен қолданысқа беріледі деп жоспарлануда, бірақ бүгіннен бастап энергетиктер оның  жоғары тиімділігін айтады.   Мәселен, «Солтүстік қалалық» жаңа станцияның құрылысы жаңа мүмкіндіктер бермек.

Азат Халимов, «ПЭЖТК» АҚ электр желілері шығыс кәспіорнының директоры:

Ол қазіргі «Солтүстік қалалық» станциясын ауыстыру мақсатында салынып отыр. Қазір қалалың солтүстік, шығыс, орталық аудандарын электрмен толық қамтуға мүмкіндік бермейтін, сондықтан жаңа желіні салуға шешім қабылданды. Бұл трансформатордың қуаттылығын 2 есеге артуға мүмкіндік береді.

Жұмыс жасап тұрған станция 1966 жылы қолоданысқа берілді. Энергетиктердің сөзінше, Өткізу желілері 35 КВ-тан аспайтын құрылғыны қайта жөндесе де еш нәтиже бермеген. Ал, бой көтеріп жатқан жаңа станцияның кернеуі 110 кВат болып, аталған аудандардағы тұтынушыларды электр энергиямен үздіксіз қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, инвестжобалар үлкен айналма жолдағы электр қуаттылығын арттырады. Онда 80-нен астам кәсіпорын орналасқан. 

Олег Клочков, қалалық электр желілері кәсіпорнының директоры:

Яғни бұл бағыттың жүктемесі жоғары, соңындағы кернеуді тіпті басқара алмай қаламыз.  Қазіргі уақытта ол жаңа қосылуларға жабық, сондықтан оны ашу үшін кабель желілерін саламыз. Ол тарату бекетінен тартылып, фидер бөлінеді. Ол басты ұяшық болады. Кабель өткізілгенін көріп тұрсыздар.   

Әуе желілері де кабель желілеріне ауыстырылып жатыр. Бұл күзету аймақтарында ақаулардың болмауына әкеліп, тұрғындарға қауіпсіздік тудырады. Онымен қоса, арнайы құрылғылар – ұяшықтар орнатылуда. Бұл ақау болған жерлерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.     

Юрий Волошанин, қалалық электр желілері кәсіпорнының бас инженерінің орынбасары:

Бұл бағыттағы жауапты тұтынушылардың бірі Павлодар туберкулезге қарсы диспансері. Ол да желіден қуатталады. Осы бағыттағы инвестжобалар тұтынушыларды элекэнергиямен қамту тиімділігін арттырады.

Қазіргі таңда әуе желілерінің үлесі 10 Кв, ал «Павлодар Электр желістік Тарату Компаниясы» да  85 пайызды құрайды. Оның басым бөлігі 50-60 жылдары салынған. Сондықтан инвестжобалармен тиісті жұмыстар жасалып жатыр.

 

 Самал Қалиқызы, Дария Жұмабекова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...