ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету қажет

19:22, 1 наурыз 2022

Павлодар облысында картоп пен сәбіздің бағасы сәуір айының соңына дейін өзгермейді. Меморандумға сәйкес, дүкендерге тұрақты түрде жеткізіліп тұрады. Ал, мамырдан бастап еліміздің оңтүстік өңірлерінен көкөністер әкеліне бастайды. Қазір қоймада 140 күнге жететін барлығы 250 мың тонна өнім бар.

Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері халықты көкөніспен қамтамасыз ету үшін меморандумға қол қойды. Бүгінге дейін әлеуметтік дүкендерге 5 мыңнан аса картоп пен 2 мың тонна сәбіз жеткізілген.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бөлшек және сауда желісінде баға - 115 теңге, ірі сауда желілерінде - 125 теңге, сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде келісі 95 теңгеден жүзеге асырылуда. Әлеуметтік дүкендер саны 37-ден 127 ге дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, өнімдер әлеуметтік дүкендерде ғана емес, сауда желілері жеткізіледі.

Ал, маусымаралық кезеңде  сыйымдылығы 413  мың тоннаны құрайтын жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау үшін 142 қойма жұмыс істейді.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бүгінгі күні облыстың қоймаларында жалпы 106 мың тонна картоп, оның ішінде 66,6 мың тонна азық-түлік, 36,6 тонна тұқымдық картоп бар. Сонымен қатар, 32,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде сәбіз 29,5 мың тонна бар.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жасалған меморандумның арқасында қазір бір бөлке нанның бағасы 95 теңгеден аспайды.

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Үшінші сыныпты бидайды тоннасына 85 мың теңгеден аспайтын бағамен сату жөнінде өңірдің 91 шаруашылығымен меморандум жасалған. Осы меморандумға сәйкес, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға 9,6 мың тонна бидай жөнелтілді.

Тағы бір келісім бойынша үш жылыжай кешені қиярды 995 теңгеден, ал қызанақты 765 теңгеден сатып жатыр. Бүгінде дүкендерге Екібастұз жылыжай кешенінен 8 тонна қызанақ және 10 тоннадан астам қияр жеткізілді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...