ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Халық игілігі үшін

19:24, 6 қыркүйек 2021

Ақтоғай ауданында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Биыл «Ауыл ел бесігі», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында ауданның Приреченск, Харьков және Ақжол ауылдық округтерінің көшелерінде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылды. Толығырақ елдімекенге барып келген тілшіміз Мөлдір Сағидолла тарқатады.

Ауыл ішіндегі көшелерді байланыстыратын күре жолдын да, ауданмен ауылды  байланыстыратын қара жолдың да жанға жайлы болғаны жақсы. Биыл Ақтоғай ауданы ауылдарының негізгі жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен,  Ақжол ауылдық округтерінде бұл игі іс бір ай көлемінде жүзеге асқан. Ауылдың 3 шақырым жолы жөндеуден өткен.

Сұңқар Қасенов, Ақжол ауылдық округінің тұрғыны:

Биыл бізде ауылдың үш негізгі жолдарына күрделі жұмыстар жасалды. Жұмыс өте сапалы болды. Ауылымыз жаңаша көрінеді қазір. Ауылымыз өте керемет болды енді.

Сонымен қатар, халық игілігі үшін Приреченск ауылының 5 бірдей көшесінің жолдары жөнделді. Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе. Себебі, бұған дейін ауыл ішіндегі жолдардың тозығы кеткен. Ал, бүгінде ауыл халқының көптен күткен тілек-арманы орындалып отыр.

Үміт Айкенова, Приреченск ауылының тұрғыны:

Өте керемет, өте қуаныштымыз. Осылай 5 көше істелінді бізде.Соған мәзбіз өзіміз, жақсы болды. Енді қалған көшелерді де істейді деп ойлаймыз. Облыстық әкімдеріне рахмет. Осы ауыл әкімдеріне, район рахмет. Рахмет айтамыз.

Көптен бері шешімін күткен өзекті мәселе – Харьков ауылының  автокөлік жолы. Ауыл мен ауданды байланыстыратын бұл жол халықты әбден әуре-салсаңға салған. Тұрғындар бұл күнді көп күткен. 

Николай Кузнецов, Харьков ауылының тұрғыны:

Біз осындай тегіс жолды 30 жыл күттік. Бұл қуанышты оқиғаға 30 жылдасын жетіп отырмыз. Жол бұл – өмір. Қазір, ауыл арасында қлзғалыс басталды. Көліктер жүреді, азық-түлік әкеледі. Ауылымыздан дән тасиды. Баршаңызға алғысымды білдіремін.

Павел Құмарханұлы, Харьков ауылының тұрғыны:

Ауыл тұрғындарының атынан алғыс. Өте қуаныштымыз. Жол экономиканың қан тамыры дейді ғой. Барлық мәселелерге қажет бұл жол.

Серік Байбосынов, Ақтоғай ауданы экономика нақты сектор бөлімінің басшысы:

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында  Ақтоғай-Харьков, Қарабұзау шақырым жолдарына 413 миллион теңге бөлінді. Мердігер бұл жұмыстарды 3 мамырда бастап 25 мамырды аяқтады.

Айта кетейік, ауыл ішіндегі көшелерді жөндеуге 150 миллион теңге бөлінді. Жұмыспен қамту орталығына тіркелген адамдар уақытша нәпақа тапты.

 

Мөлдір Сағидолла

 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
19:25, 15 қазан 2021
Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
Толығырақ...
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
18:51, 15 қазан 2021
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
Толығырақ...
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
21:34, 11 қазан 2021
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...