ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі

21:27, 11 қазан 2021

Өткен сенбі күні Нұр-сұлтан қаласында Павлодар облысының ауыл шаруашылық тауарлары өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Елордаға 550 тоннадан аса өнім жеткізілді. Тұрғындар көбінесе ет, картоп, көкөністерді сатып алды. Жәрмеңкеге барып келген тілшіміз Самал Қалиқызы толығырақ айтсын.

Әдеттегідей, ауылшаруашылық жәрмеңкесі Хан-шатыр сауда ойын саттық орталығының жанында ұйымдастырылды. Елордалықтар өңіріміздің 14 ауданынан жеткен өнімдерді алу үшін сағат тоғыз болмай келген. Алғашқы сағаттың өзінде сатушылар тауарларының 20-30 пайызы сатылғанын жеткізді.

Павлодар облысынан аталмыш жәрмеңкеге 200 млн теңгенің 550 тонна тауары әкелінді. Оның ішінде 70 тонна ет, 250 тонна картоп пен 105 тонна көкөністер бар.

Нұрболат Мақашев, Павлодар облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы:

Жәрмеңкеге жалпы 550 тоннадан астам өнім әкелінді. 70 тонна ет, көкөніс ұсынылып отыр. Павлодар облысының 3 қаласы мен он ауданы қатысуда. Етке келтін болсақ, 140 туша сиыр еті, 120 туша жылқы еті, қой еті әкелінді.

Қоянды жәрмеңкесіне жеткен өнім бағалары Нұрсұлтан қаласының ұсынысымен, көлік-логистикалық шығындар есептеліп, аздап қымбаттырақ қойылды. Бірақ көпшілік үшін қолжетімді болды.

Самал Қалиқызы, тілші:

Еттің бағасына жеке тоқталып өтсек, жылқы еті 2200 теңгеден, сиырдың еті 2000 теңгеден, қой еті 1800, тауық еті келісіне 1000 теңгелден сатылды. Жылқы етіне жеке тоқталсақ, қазы, шұждық, жая 2500 теңгеден болды. Сонымен қатар, Павлодардан келген көкөністер де тиімді баға сатылды. Сәбіз, картоп, орамжапырақ, сарымсақ, қызылша 120 теңге болды. Дәмі тіл үйретін аққулының қарбызы да 120 теңгеден ұсынылды.

Бірақ жәрмеңкеге келген елордалықтар біздің баға да, сапа да   көңілідерінен шыққанын айтты. Павлодарлық картоп пен ет бұрыннан брендке айналып кеткені сөзсіз.

Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауылшуарышылық жәрмеңкесі екі күн болды. Онда Павлодар облысының тауарлары тиімді, қолжетімді бағада сатылды. Жылына бір рет ұйымдастылатын Қоянды жәрмеңкесі біздің өңір үшін пандемиядан кейін осымен бірінші рет өтті.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
19:25, 15 қазан 2021
Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
Толығырақ...
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
18:51, 15 қазан 2021
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
Толығырақ...
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
21:34, 11 қазан 2021
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...