ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Әлеуметтік тауарлар нарықтан 15% арзан бағада сатылады

13:27, 28 қаңтар 2022

Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорциясы әлеуметтік маңызы бар 19 тауар бағасының тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқаруда. Нақты 13 тауар түрі бойынша тұрақтандыру қорында алты мың тоннадан астам тауар жинақталған. Осы азық-түлік түрлері халыққа қаншалықты қол жетімді?

Тұрақтандыру қорындағы алты мың тонна тауардың жалпы құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақыттағы ең басты мақсат- осы тауарларды арзандатылған бағада, уақытында халыққа жеткізу. Тұрғындардың негізгі сұранысына ие қант, қарқұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы сияқты тауарлар әр түрлі дүкендердегі арнайы сөрелерге қойылуда.

Нұралы Әділов, Павлодар «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ басқарма төрағасы:

Үйдің жанындағы дүкендер болсын, желілік дүкендер болсын тауарларды халыққа көріну үшін, оның бағасы көріну үшін сәйкес жұмыстар жүргізді. Арнайы тақталар орнатылған. Ол жерде әлеуметтік тауарлар деп анық жазылған.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы Павлодар қаласы бойынша 90-нан астам дүкенмен бірлесе жұмыс істейді.  Тауарлар осы дүкендердің берген сұранысына сәйкес уақытылы жеткізіліп отырады.

Нұралы Әділов, Павлодар «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының» АҚ басқарма төрағасы:

Сұраныс жыл басынан бастап өте көп. Күніне 30-дан 40 тоннаға дйін тауарлар дүкендерге жеткізіледі. ӘКК барлық тауарлары дүкендерге жеткізіп отыр.

Тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік тауарларына дүкен иелері 10 пайыздан артық үстеме баға қоса алмайды. Сондықтан, бұл тауарлардың бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан. Мәселен, қант бағасы 264, қарақұмық 341, күріш 228 теңгеден.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Тұрақтандыру қорына тауық еті сатып алынады
08:46, 28 наурыз 2022
Тұрақтандыру қорына тауық еті сатып алынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...