ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Электр қуатына сұраныс артты

09:42, 16 қыркүйек 2021

Елде қолданылатын электр қуатының 19%-ы Екібастұзда өндіріліді. №1 мемлекеттік аумақтық электр станциясының жалпы қуаты 4000 МВт болатын. Ал қазір 3 мыңдай ғана өндіруге қауқары жетеді. Толық қуатына жеткізу үшін 8 энергия блоктың соңғысы қалпына келтірілуде.

№1 мемлекеттік аумақтық электр станциясының бірінші энергоблогы 1980 жылы пайдалануға берілді. Ал, тоқырау жылдарында 3 энергоблок істен шыққан еді. Инвестициялық бағдарлама арқылы станцияның қуатын 500 МВт-қа арттыру көзделген.

Еділ Көпенов, 1-МАЭС бас директоры:

Қазіргі кезде 88 пайызға демонтаж жасалды. 33 пайызға монтаж жасалды. Құрал-жабдықтардың 51 пайызы әкелінді. Жұмыстардың жартысы аяқталды. Қазіргі кезде 400 адам жұмыс істеп жатыр. Бұл блок әске қосылғаннан кейін 54 адам жұмысқа орналасады.

Станциядағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Жобаны аяқтау 2023 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.  

Серік Түйтебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры:

Біз бірінші блокты 2024 жылы іске қосыуымыз керек еді. Бірақ біздің байқауымыз бойынша, Қазақстан электр энергия қуатын тұтыну асып бара жатыр. Сол үшін біз блок бірді бір жыл бұрын аяқтаймыз деп отырмыз. Сол кезде Қазақстанға қажетті энергияны өндіреміз деп.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2028 жылдан 2035 жылға дейін №1 мемлекеттік аумақтық электр станциясының қуатын 240 МВт-қа жеткізу үшін алты блокты қайта жаңартуды жоспарлап отыр. Ал, №2 мемлекеттік аумақтық электр станциясында қуаты 1000 МВт болатын екі энергоблок жұмыс істеп тұр. Онда 636 МВт-тық энергия блогын салу көзделіп отыр. Жоба 2025 жылы аяқталады.

Бұл кәсіпорындардың жұмысын «Богатырь» разрезінде жыл он екі ай өндірілетін көмірсіз елестету мүмкін емес. Мұнда 2022 жылдың үшінші тоқсанында көмір өндіру мен тасылмадаудың жаңа технологиясы іске қосылады.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

«Богатырь көмір» кен орнында құны 196 млн еуроны құрайтын жаңа инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Бұл арқылы көмірдің өндірістік қуаттылығы 50 млн тоннаға жетеді. Жұмыстар 2019 жылы басталған. Келесі жылы іске қосылады деп күтілуде.

Мамандардың сөзінше, бұдан кейін көмірдің кесектілігі 300 мм-ге дейін азаяды. Вагондар айналымы 16-дан 5,5 сағатқа дейін қысқарады, ал, тиеу дәлдігі 0,5% - ға дейін жетеді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...