ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Екібастұздағы инвестициялық жобалар

20:24, 4 қыркүйек 2021

Екібастұз шаһарындағы инвестициялық жобалар қарқынды жүруде. Кейбір ауыл-аймақты сумен жабдықтау құрылысы, магистральді жолдар, көп қабатты тұрғын үйлер мен зауыт құрылысы сынды бірқатар жобалар мен жоспарлар жайлы Екібастұз қаласының әкімі онлайн брифинге айтты.

Кеншілер қаласы инвестициясы жоғары өңірлердің қатарында. Ағымдағы жылдың жеті айында Екібастұз өңірінің экономикасына 88,5 млрд. теңгеден астам қаржы тартыған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41% - ға артық.

Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі:

Республикалық және облыстық бюджеттің комиссясының деректеріне қарағанда 22 мен 24 жылдаоға арналған 3 жылдық бюджет аясында өңірге 65 млрд теңге қолдау тапты. Ағымдағы жылы қаржыландырудың арқасында тұрғын үй құрылысы мен жер инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік туды. Оныңі ішінде ауылдық жерлер де бар. Соңғы 20 жыл ішінде тұрғын үй құрылысы ең жоғарғы қарұынға қол жеткізді. Ағымдағы жылы 17,8 шаршы метр пайдалануға берілді. 2020 жылға қарағанда өсімі 9 жарым пайызды құрайды.

Екібастұзда қуаттылығы жылына 240 000 тонна ферросилиций өндірісі жолға қойылмақ. Жоба 55млрд теңгеден астам сомада бағаланады. 2023 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Брифинг барысында қала әкімі кремний зауытының құрылысына да тоқталды.  

Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі:

Жұмыстың басы электр құралдарымен жабдықтаудан басталған еді. Бүгінгі таңда 70 пайызы аяқталып, осы жылдың аяғына дейін толық электр қуатымен жабдықтау мақсатындағы салынып жатқан станция  жұмысы аяқталуға тиіс. Инвсетиция көлемі кремний зауытқа 60 млрдқа жуық қаражат.

Құрылыс жұмыстары Екібастұздағы 9,21,22нші шағын аудандарда қарқынды жүріп жатыр. Кезек санын қысқарту мақсатында 21нші шағын ауданда көп пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада жалпы бюджеті 7,7 млрд.теңгені құрайтын 30дан астам бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда.

 

Бақытнұр  Бейсенбай

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
19:25, 15 қазан 2021
Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
Толығырақ...
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
18:51, 15 қазан 2021
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
Толығырақ...
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
21:34, 11 қазан 2021
«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...