ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Азық-түлік қоры жеткілікті

15:19, 15 наурыз 2022

Жұрт қант азайды деген жалған ақпаратқа сеніп, тәтті өнімге таласып жатыр. Алайда жауапты орган дүрлігетіндей еш негіз жоқ дейді. Сонымен қоймадағы қант қоры қанша уақытқа жетеді? Бағасы тағы шарықтап кетпей ме?

Елімізде жалпы 1,3 млн тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік бар. Оның ішінде ұн – 144 мың тонна, қант – 90 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон – 21 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері сақталған. Азық-түлік қоры қажеттілігіне қарай күн сайын толықтырылады, – дейді жауапты ведомство өкілдері.

Ержан Қазанбаев, ҚР сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы:

Ұлттық бюро статистикасы деректері бойынша өткен аптада әлеуметтік-азық түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға өсті. Бәрінен бұрын қырыққабат 1,6 пайызға, қант 0,6 пайызға және картоп0,5 пайызға қымбаттады. Өңірлер ішіндегі бағаның ең өсуі Маңғыстау облысында, Қостанай және Қызылорда облыстарында тіркелді.

Қазір ел бойынша 90 мың тоннадан астам қант қоры бар. Жалпы көтерме сауда орындарында бір келісі 300-320 теңгеден саудаланып жатыр. Тауар жеткілікті бола тұра, бағаның өсуіне не себеп? 

Ержан Қазанбаев, ҚР сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы:

Енді біріншіден атап өтетін сұраныс жоғарылаған соң, қанттың бағасы да өсуде. Сондықтан осы бес күннін ішінде осы біздің мәліметтер бойынша тек бір сауда нүктесінен 540-550 тонна қант сатып алынды. Бұрын бес күнін алсақ, тек 170 тонна қант сатылатын.

Бүгінде еліміздің зауыттарында қант өндірісі тоқтаған жоқ. Дүкендер үнемі толықтырылып отырады. Яғни, үш айдан кейін қор таусылып, қант тапшылығы болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Назгүл Хатепова, ҚР ауыл шаруашлығы министрлігінің департаменті директорының м. а.:

Ішкі нарықта сол себепті ешқандай дүрбелеңге түсіп, жасанды аж атаж туындатқызбауды сұраймыз. Биыл халықты толық қантпен қамтамасыз ететініміз туралы сендіргіміз келеді.

Жауапты органдар әлеуметтік азық-түлік бағасына жиі мониторинг жүргізеді. Оны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылады.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...