ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Азық-түлік бағасы тұрақты ма?

10:13, 14 наурыз 2022

Елімізде қарақұмық арзандап, құс еті қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы тауар өндірушілер хабарлап отыр. Ал, өңірде кейбір азық-түлік өнімдерінің бағасы өскен. Жауапты басқарма өкілдерінің айтуынша, қымбатшылыққа жол бермеу үшін түрлі шаралар қабылданып жатыр.

Статистика департаментінің деректеріне сүйенсек, жоғары сұрыпты ұн, қант, макарон, сүт өнімдері және май бағасы өскен. Бұдан бөлек, ет құны шамамен 2 пайызға қымбаттапты. Ал, өңірде қырыққабат бір жарым есе қымбат бағада сатылып жатыр.

Талғат Дұғалов, кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:

Жыл басынан бері картоп, сәбіз, қырыққабат бағасының өсуі байқалады. Картоп мен сәбіздің бағасын ұстап тұру үшін ауыл шаруашылығы өнірушілермен меморандум жасағанымыз белгілі. Ал, қырыққабат бағасы төмендемейді. Себебі облыс өз қажеттілігін толық қамти алмайды. Оңтүстік өңірлерден әкелінеді. Биыл облыста егістік алқаптарын үлкейтуді жоспарлап отырмыз. Бұдан кейін мәселе шешіледі.

Павлодар облысының ішкі нарығы азық түлік тауарларымен толық қамтамасыз етілген. Қазір тұрақтандыру қорында 13 түрі бойынша резерв бар.

Қорда өнім жеткілікті, күнделікті бақыланып отырады. Мұндағы тауарлардың басым бөлігі әлеуметтік дүкен сөрелерінде саудаланады.

Талғат Дұғалов, кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:

Қазір тұрақтандыру қорында 6 мың тоннаның өнімі бар. Қосымша 1,5 тонна азық түлік сатып алуды жоспарлап отырмыз. Оның ішіне қарақұмық, күріш, тұз, сұйықмай және жұмыртқа бар. Сондықтан азық-түлік тапшылығы болмайды.

Бұл тауар түрлерін сатып алу үшін облыс қазынасынан 4 млрд-қа жуық қаржы бөлінген. Сондықтан бағаның бей-берекет өсуіне жол жоқ. Азық-түліктің құны жиі сүзгіден өтеді деп сендіріп отыр мамандар.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...