ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі»

21:34, 11 қазан 2021

Ертіс ауылында да ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Өнімді арзан бағада сатып алуға келген жұрттың қарасы қалың болды.

Жәрмеңке «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деген атаумен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды. 12 ауылдық округтің ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өнімдерін нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен ұсынды.

Дәулет Әлкенов, Ертіс ауылының әкімі:

Бағалары өте тиімді. Жылқы еті - 1800-2000 тг. Қара мал еті 1600-1800 тг. Қой еті 1600-1800 тг. Картоп 80 теңгеден. Сәбіз 100 теңгеден. Осы қазан бойы осындай жәрмеңке әр жексебі сайын ұйымдастырылып отырады.

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде: сиыр еті, қой еті, жылқы еті, құс еті төмен бағада сатылды. Сондай-ақ, тұрғындар шұжық өнімдері, май, жұмыртқа, сүт, қаймақ, көкөністерді де сатып алуға мүмкіндіктері болды. 

Қанат Шорбаев, Қарақұдық ауылының тұрғыны:

Бүгінгі күні, міне Ертіс ауданының базарына келіп, халықтың бәрі мәз. Ертіс ауданының түгел округтері еттерін әкеліп, майларын, жұмыртқаларын бәрін сатып жатыр. Халық өте риза. Аудан әкіміне көп-көп рақмет. Жұма сайын болып тұрса, халыққа көп көмек ғой.

Дамиля Қартпаева, Ертіс ауылының тұрғыны:

Бағалары өте арзан. Алдық. Көптен көп рақмет. Дендері сау болсын. Істеген жұмыстары жемісті болсын. Ет алдым. 1800 теңгеден. Арзан бағада сәбіз алдым.

Пандемия салдарынан ұзақ үзілістен кейін тұрғындар жәрмеңкені асыға күткені байқалды. Ауыл шаруашылық тауар өндірушелер де өнімдерін саудалап, табысқа кенелді.

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
19:25, 15 қазан 2021
Павлодар облысында көмір химиясын дамытуға кірісті
Толығырақ...
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
18:51, 15 қазан 2021
Павлодар диқандары 1 млн-нан астам дәнді дақыл жинамақ
Толығырақ...
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі
21:27, 11 қазан 2021
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...