ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АЛЮМИНИЙ КӨЛЕМІ 3 МИЛЛИОН ТОННАҒА ЖЕТТІ

20:23, 8 сәуір 2021

Қазақстан электролиз зауыты өндірген алюминий көлемі 3 миллион тоннаға жетті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов металлургтерді осы өндірістік жетістіктерімен құттықтады.

Зауытта өндірілген алюминий көлемі үш миллион тонна межесіне 14 жылдай уақыт ішінде жетті. Алғашқы миллион тонна өнімін 2007 жылы іске қосылған ҚЭЗ алты жыл өткен соң шығарды. Төрт жылдан кейін павлодарлық металлургтер екінші миллион тонна өнім өндіріп, былтыр жылдық рекордтық көрсеткіштерді бағындырды – мұнда 265 мың тонна металл өндірілді. Өндірістегі маңызды оқиғалардың барлығына да куәгер болған түсті металл құюшы Асқар Нұрпейісов бүгінгі айтулы жетістіктің кезекті ауысымы кезінде орын алғанын айтады.

Асқар Нұрпейісов, түсті металл құюшы:

Мен мұнда 13 жыл жұмыс істеймін – кәсіпорынның құрылып, өндірістің басталғанн өз көзіммен көрдім. Содан бері зымырап өте шыққан уақыт ішінде біз үш миллионыншы тонна алюминий құйып үлгердік. Өзім үшін бұл үлкен қуаныш, келешекте немерелерге әңгімелеп беруге тұрарлық оқиға.

«Қанатты» металл өндіретін кәсіпорынның бүгінгі жетістігіне арналған ескерткіш тақтаны Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов пен Қазақстан электролиз зауытының президенті Серік Дөнбекбаев орнатты. Аймақ басшысы кәсіпорын ұжымын өндірістік жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бүгінде Павлодарда өндірілген алюминий әлемнің 9 еліне экспортталады. Ерен еңбегіңіздің нәтижесі – өнімдеріңіз шет елдерде кеңінен белгілі және сұранысқа ие. Кәсіпорында өндірілген алюминий пакеттерін қаз-қатар тізіп қойса, Еуропаның үш астанасы – Берлин, Париж және Мадридті жалғайтын жол құрылар еді. «Қанатты» металлдың 3 миллион тоннасы 100 мыңнан астам Boeing 737 жолаушы ұшағын жасауға жеткілікті деп сөзін толықтырды Әбілқайыр Сқақов.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕХ КӘСІПКЕРЛЕРІ  ӨҢІРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
21:50, 19 наурыз 2021
ЧЕХ КӘСІПКЕРЛЕРІ ӨҢІРГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
18:46, 16 наурыз 2021
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Толығырақ...
АЙМАҚТАҒЫ АГРО ӨНЕРКӘСІП СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ
01:11, 6 ақпан 2021
АЙМАҚТАҒЫ АГРО ӨНЕРКӘСІП СЕКТОРЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...