ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

12:40, 1 қазан 2021

Ақтоғай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қарқынды. БЖК бағдарламасы бойынша 7 жоба жүзеге асырылды. Тағы 4 жоба жасалып жатыр. Осы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспарлы көрсеткішке қол жеткіземіз,-дейді аудан басшысы Қаршыға Арынов баспасөз мәслихатында.

Жалпы, ауданда агроөнеркәсіптік кешен саласы жақсы динамикаға ие. Бүгінгі таңда 239 шаруа және фермер қожалықтары тіркелген, оның ішінде 35 кәсіпорын  өсімдік шаруашылығымен және 204 кәсіпорын мал шаруашылығымен айналысады, 94 шаруашылық тұқымдық түрлендіруге қатысады.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Бізге егіс алқаптарын өте салауатты әртараптандыру, еңбек тиімділігін арттыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу қажет. Мал азығын уақытылы дайындау және азық бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ауданда мал азығын дайындау бойынша жедел штаб құрылды.

Сонымен қатар, 1000 басқа арналған «Ақтоғай-Агро» ЖШС сүт-тауарлы фермасының құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта Мүткенов және Харьковка ауылдарында су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстарды шартқа сәйкес ағымдағы жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланып отыр.

Ал, медицина саласында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Керісінше дәрігерлер пандемия кезінде қарқынды еңбек етті. Аудан бойынша 716 адам қауіпті індетке шалдыққан.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы 1-қыркүйекте жариялаған жолдауында халықтың денсаулығын сақтау мен нығайту негізгі бағыттарын айқындады. Пандемия бүкіл әлем үшін үлкен сынақ болды. денсаулық сақтау үлкен ауыртпалықты сезінеді. Ақтоғай ауданында пандемия басталғалы 716 адам ауырып қалды.

Жыл сайын жол мәселесі өзекті болып қала береді. Ақтоғай ауданының аумағында 460,8 км жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бар.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен облыстық маңызы бар Ақтоғай-Шолақсор автомобиль жолында жалпы ұзындығы 9 км жолды ресайклерлеу әдісімен орташа жөндеу жасалған.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...