ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 23,4 млрд теңге бөлінді

19:29, 18 ақпан 2022

Көктемгі егіс жұмыстары басталуына да аз уақыт қалды. Павлодар облысы биыл бір жарым миллион гектар алқапқа егін салуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылғымен слыстырғанда 6 процентке жоғары. Оның ішінде сегіз жүз мың гектардан астам алқапқа астық егілетін болады. Сондай-қ, биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау шаралары да жалғасын таппақ.

Егістік алқаптарының аумағы биыл 81 мың гектарға артпақ. Астық пен жем-жөп егістігі де ұлғаяды. Олардың ішінде картоп және бақша өнімдерінің алқабының көлемі де айтарлықтай артпақ. 

Мейрам Өтешев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Біздің институттар мен мемлекеттік мекемелер бірлесіп тиісті сараптама жұмыстарын жүргізді. Қаражат жағы шешілді. Ақша бар. Шаруаларды жан-жақты қолдау шаралыр жүреді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алаңдамай іске кірісе берулеріне болады.

Көктемгі егіншілік науқанына агралық несие корпорациясы да ат салысады. Биыл аталмыш мекеме республика бойынша 70 млрд теңге қарастырып отыр. Оның 1,4 млрд теңгесі Павлодар облысына бағытталмақ.

Ардақ Таңжарық, аграрлық несие корпорациясының директоры:

Ауыл шаруашылығы тауараларын өндірушілер бізден тікелей келіп несие ала алады. Сондай-ақ, несиелік серіктестік арқылы алу жолы да бар. Бүгінгі таңда Павлодар облысында 12 несиелік серіктестік бар.

Биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін қолдау шаралары бойынша субсидиялау жұмыстары жалғасады. Осы орайда мемлекеттік қызмет көрсету қолдау.кз және субсиди.плем.кз жүйлері арқылы іске асады. Агроөнеркәсі кешенінді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау 12 бюджеттік бағдарлама негізінде жүргізіледі. Бұл мақсатта 23,4 млрд теңге бөлінген. Қолдау шаралары ірі және шағын шаруашылықтардың барлығына тиесілі болмақ. 

Нұрболат Мақашев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Бізде субсидия барлығына қарастылыралы. Ірі және ұсақ корпоротивтер қатыса алады. Нақты істелген жұмысқа беріледі.

Биылғы көктемгі егіс жұмысына техникалар бойынша да қолдау болады. Ал, Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы форворды сатып алу жүйсін ұсынып отыр.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар