ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жерлесіміз Болгариядан жүлдемен оралды

20:38, 21 шілде 2021

Павлодарлық әнші Болгарияда өткен байқауда жүлдеге ие болды. Ерболат Аралбаев жүлделі екінші орын ғана алып қоймай, «Ең қиын әнді таңдағаны үшін» номинациясын да қанжығасына байлады. Жерлесімізді тілшіміз әуежайдан қарсы алды.

Міне дәл осылай әуежайдан Ерболат Аралбаевты әріптестері қарсы алды. Болгарияның Добрич қаласында өткен ХХХ-шы халықаралық «Сарандев» Еуропа жастары поп, рок конкурсында әнші «Күрделі компазиция» аталымында екінші жүлделі орынға ие болды.  Сондай-ақ, номинант та атанды. Осылайша елге екі жүлдемен оралды.

Ерболат Аралбаев, И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртісі:

Басында екі ән дайындаған едім. Ол Георг Отстың орындауындағы, екіншісі «Наз қоңыр» әні. Сол екі әнді дайындап орын алған болатынмын.

«Есірткісіз, қорқынышсыз, табиғатты қорғау, адамзатты құтқару!»  ұранымен ұйымдастырылған аталмыш байқауда 11-30 жас аралығындағы жас орындаушылар бақ сынады. Еске сала кетейік,   аталмыш байқауда 5 мемлекеттен 60 қатысушы бақтарын сынаған.  Үздіктердің қатарында жерлесіміз де бар.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...