ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жазда 700-ден астам лагерь жұмыс жасайды

21:58, 24 мамыр 2022

Павлодар облысында биыл жазғы уақытта оқушыларға 700-ден астам лагерь жұмыс жасайтын болады. Олардың басым бөлігі мектепішілік лагерьлер. Жалпы биыл қанша оқушы жазғы демалыспен қамтылмақ? Әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға қандай жағдай жасалады?

Павлодар облысында 1 мен 11 сынып аралығында 106 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтырумен,  лагерьмен  қамтамасыз етіледі. Бұл өңір оқушыларының 98,2 пайызын құрайды, дейді жауапты басқарма.    

Бекбатыр Айтмахан, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Жалпы жазғы кезеңде 786 түрлі деңгейдегі лагерьлер ұйымдастырылады. 314 мектеп жанындағы лагерь. 472 бейіндік лагерь 45993 баланы қамту жоспраланып отыр. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 100 пайыздық жеңілдіктер қөарастырылады.

Облыста жалпы 12 қала сыртындағы лагерь бар. Оның 9-ы мемлекеттік, 3-і жекеменшік. Осы 12 лагерьдің 10-ы биыл жұмыс жасайды. 1-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша аталмыш демалыс орындарында 5726 оқушы демалады деп жоспарлануда.

Бекбатыр Айтмахан, білім беру басқармасының бөлім басшысы:

Сонымен қатар, биылғы балалар жылы аясында біздің кәсіпорындар балаларға қала сыртындағы лагерьлерге жолдама сыйла акциясын бастап отыр. 33 млн бюджеттен тыс қаражат жоспарланып отыр.

Осы ретте балалардың қауіпсіздігі қашанда алдыңғы орында. Сондықтан мамыр – тамыз аралығында «Қауіпсіз балалық шақ» акциясының жұмысы жалғасады. Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын тиімді, қауіпсіз, пайдалы өткізу мақсатында «Жаз - 2022» шарасы жүргізіледі.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
18:04, 3 тамыз 2022
Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
Толығырақ...
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
17:57, 3 тамыз 2022
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар