ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

17:07, 5 тамыз 2022

Бүгін облыстық кітапханада «Бейсен болмыс» және «Хисса Сул Әнбия» кітаптарының тұсауы кесілді. Экситенционалдық талдау кітаптарының авторы белгілі журналист, қаламгер Санжан Керімбай. Шараға зиялы қауым өкілдері мен автордың оқырмандары қатысып осы уақытқа дейін жарыққа шыққан өзге де кітаптарға қол жеткізуге мүмкіндік алды.

Құтты қонақтың келуін жақсы ырымға балаған жұртшылық бата алып қалуды жөн көрген. Осылайша шара тұсаусере рәсіміен жалғасты. Ата-ана болашақта осы баалсының қаламгер, журналист болғанын қалайды.

шараның басты себепкері «Бейсен болмыс» және «Қисса Сул анбия» кітаптарының тұсаукесері. Әуелг кітап белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбектің болмысына негізделген талдау кітабы. Онда жалпы адамның жаратыстағы мәні мен тіршіліктегі мақсаты не деген сұраққа жауап ізделеді.

Екінші кітап барша қазаққа ежелден таныс «Қисса сул анбия» кітабы. Діни аңыздар мен хиссалардан құралған бұл кітап қазақ оқырмандарына орта ғасырлардан белгілі. Алайда, бұл жолы басқаша көзұараспен талданып, жарыққа шығып отыр.

Бұдан бөлек, Павлодарлықтар «Отбасы хрестоматиясы» бойынша шыққан кітаптардың барлығымен танысуғаға мүмкіндік алды.

Тұсауы кесілген кітаптардың бүгінгі қоғамға берері мол. Әсіресе өмірден мән іздеген жандар үшін таптырмас оқу құралы, тамаша нұсқаулық

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...