ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Жалын» жастар байқауы мәресіне жетті

22:03, 17 мамыр 2022

«Жалын» телевизиялық жастар байқауы мәресіне жетті. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай байқау жарияланған болатын.

Телевизиялық байқауға 60-қа жуық шығармашылық жұмыс келіп түсті. Қатысушылар қатарында республикалық, аймақтық телеарналар мен ақпараттық агенттік журналистері, жоғары оқу орындарының студенттері бар. Жүзден жүйрік шыққандарды басқарма төрайымы Ләззат Танысбай марапаттады.

Ләззат Танысбай – «Қазақстан» РТРК АҚ басқарма төрайымы:

Көзі тірі болғанда Камал аға, біздің ұстазымыз Камал аға Смайылов сәуір айында 90 жасқа келер еді. Сағат Әшімбаев осы мамыр айында 75-ке толар еді. Қыркүйек айында Шерхан Мұртаза 90-ды толтырар еді. Біздің осындай тау тұлғаларымыздың есімін өшірмеу – бұл біздің бүгінгі күнгі ең үлкен парызымыздың бірі.

Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері Әнел Оразгелді мен Зере Амангельдинова «Бейсен Құранбек» деректі фильмі үшін «Үздік режиссерлік жұмыс» жүлдесін жеңіп алды. Ал «Үздік сюжет» аталымы «AQSHAM» телеарнасының тілшісі Еркеназ Шоқанға бұйырды. «Turkistan» телеарнасының журналисі Айдос Игіліков «Үздік авторлық бағдарлама», «Kokshe kontent» ақпарат агенттігінің тілшісі Ұлан Зейнелқабден «Үздік деректі фильм» аталымымен марапатталды.

Еркеназ Шоқан - «AQSHAM» телеарнасының тілшісі:

«Төл телевизияның қамалы» атты сюжетімді жіберген болатынмын. Жас журналистерді қолдау мақсатында ұйымдастырып жатқанына ұлттық арнаға алғысым шексіз. Аймақтық «Ақшам» телеарнасы бұл өңірдегі жалғыз телеарна.  Республикалық байқаудан жас телеарнаның жүлде алуы бұл біз үшін үлкен жеңіс.

Жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия анықтады. Үздік жоба иегерлеріне 500 мың теңгеден қаржылай сыйлық беріліп, алғыс хат табысталды. Ал, жеңімпаздардың жұмысын көрермен Ұлттық арнаның ресми сайтынан көре алады.  

Тақырып бойынша материалдар

Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
18:04, 3 тамыз 2022
Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
Толығырақ...
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
17:57, 3 тамыз 2022
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар