ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Үздік студенттік топ жасыбайға жіберілді

20:59, 23 маусым 2022

Аманат партиясының жастар қанаты Павлодар өңірінің ең үздік студенттік тобын Жасыбайға жіберді. Жыл бойы оқуда, қоғамдық іс-шараларда белсенділік танытқан 18 студент екі күн бойы Баянауыл киелі жерлерін тегін аралайтын болады.

Өткен оқу жылының басында «Аманат» партиясының жастар қанаты кәсіпорындардың біріндегі бастауыш партия ұйымымыен бірлесіп «ең үздік студенттік топ» конкурсын жариялаған. Үздік атануға оқу жылы бойы бірнеше топ ат салысқан. Солардың ішінде үздік атанғандары бүгін демеушілік арқылы Баянауыл өлкесіне аттануда. 

Санира Жүсіпова, «AMANAT» партиясы жастар қанатының төрағасы:

Сол конкурстың аясында 18 студенті бар топ жеңіске жетті. «Жастар Отанға» жобасы аясында...01:03+склейка 01:08 Екі күндік Жасыбайға жіберейін деп жатырмыз. Әйгілі жас отандықтар да бірлесе баратын болады.

Жеңіске жеткен топтың студенттері конкурс жарияланысымен белсенділік танытқандығын айтады. Оқуда ғана емес, өзге де іс-шаралаға ат салысып барлық нәтижелерге қол жеткізген.

Ангелина Жетпісова, ең үздік топтың студенті:

Оқу басталар кезде бізге осындай конкурс болатындығы айтылды. Ай сайын нәтижелерді шығарып отырды. Біздің топ барлық қорытынды бойынша үздік болды. Басты сыйлықты иелену үшін барлық іс-шаларға, олимпиадалға қатысып, барынша белсенді болдық.

Студенттер осылайша  енді екі күн бойы жасыбай төрінде әр түрлі шеберлік-сағаттармен, ойын-сауықтарға қатысып, жазғы демалыстарын өзгеше өткізуге мүмкіндік алды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
09:25, 6 шілде 2022
Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...