ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Ұлтқа қызмет» тарихи драмасы қойылды

22:26, 17 мамыр 2022

Керекуге Қарағанды облыстық театры гастрольдік сапармен келді. Өнер ордасы павлодарлық көрмендерге арнап бірнеше қойылым ұсынуда. «Ұлтқа қызмет» тарихи-деректі драмасы мен «Айналайын» драмасы, сондай-ақ, «Күнделік» ертегісі режиссер Айдын Салбановтың қоюымен ұсынылуда.

Қанат Жүнісовтың «Ұлтқа қызмет» тарихи деректі драмасы жиырмасыншы ғасырдың басында өмір сүрген ұлт қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін баян етеді. Ел болу жолындағы күрес. Қазақ мемлекеттігі үшін тартыс. Бостандық жолында басын бәйгеге тігу. Тарихтың ең қиын шағында саяси сахнаған келген Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхановтың айналасына топтасқан еді.

Айдос Нұрмағамбетов, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театрының әртісі:

Сонау алаштықтардың басын құраған кезінен бастап айтыфлады. 50 мен 70 аралығы. Алаштықтардың дүмпиу жасаған кезінен бастап, ел үшін, жер үшін қара жерге аттанған кездеріне дейнгі аралық баяндалады көрсетліде және.

Кейіпкерлердің барлығы тарихи тұлғалар. Пролетариат көсемі Ленин де бейнеленген. Алайда, басқа қырынан. Қазірг Тәуелсіз көзқарас тұрғысынан бейнеленген. Қазақ автономиясының шекарасын бекіу үшін Алаш қайраткерлерінің Ленинмен тартысы көрсетіледі.

Кеңес Жұмабеков, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

Әлихан Бөкейхановтың сөзі бар ғой Әлімханға айтатын. Берілме, жер, жер және жер, қазаққа жер керек дейді. Сөйтіп басатрын өлімге тігіп қазіргі шекарамызды бекітті. Болашақ ұрпағымыз үшін.

Қарағанды облыстық театры Кереку жеріне үш күндік өнер сапарымен келіп отыр. «Ұлтқа қызмет» тарихи драмасынан бөлек, «Айналайын» драмасы, сондай-ақ, «Күнделік» ертегісі көрермендерге ұсынылады.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
18:04, 3 тамыз 2022
Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
Толығырақ...
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
17:57, 3 тамыз 2022
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар