ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Түркістан мен Павлодар меморандумға қол қойды

22:05, 3 маусым 2021

Түркі әлемінің түрленіп жатқан рухани астанасы Түркістан қаласына біздің түсірілім топ барып келген еді. Осы сапар барысында әріптестерім жергілікті мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өкілдерімен жүздесті. Облыстың өнер иелері көне шаһар қызметкерлерімен меморандумға қол қойды. Бұл құжат екі өңірге нендей мүмкіндік береді? Жауапты басқарма басшысын тыңдайық.

Қазір Түркістан Қазақстанның туристік маржанына айналды. Көне шаһар қарқынды дамып келеді. Жаңа кейіпке енген киелі мекенге Павлодар облысынан барған делегация көз жеткізді.

Самал Бегалинова, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Ең бірінші мақсат - жаңа салынған нысандармен танысу. Яғни онда заманауи мәдени мекемелер салынды. Мысалы, Фараб кітапханасы бойынша бізді қарсы алған, жалпы кітапханамен таныстырған сол Фараб кітапханасының концепциясын жасаған білікті архитектор маман. Ол кісімен де бірсыпыра жоспар құрдық. Павлодар облысына да шақыру жоспарда тұр.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы осы саладағы Түркістандандық әріптестерімен меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта екі өңір түрлі жобаларды жүзеге асырып, біріге жұмыла жұмыс жасамақ. Екі өңірдің де мақсаты бір – мәдени-рухани ынтымақтастықты нығайту.

Самал Бегалинова, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

Меморандумға сәйкес, мәдени іс-шарларымыз жоспарда тұр. Кешенді 3-4 жылға деп бекіттік. Гастрольдік сапарларымыз, филормонияның, көркем сурет музейінің, орталық қызметкерлерінің бір-бірімен тәжірибе алмасу. Біз барсақ, Түркістан біздің де халыққа келіп, өздерінің өнерлерін, мәдіниеттерін таныстырады.

Сондай-ақ, меморандум шеңберінде Павлодар облысының мәдениет қызметкерлері Түркістандық әріптестерін Ертіс-Баян өңіріне шақырды. Себебі өлкенің де тарихы тереңде. Айтып өтейік, рухани қаланың қонақжай халқы Павлодарлық меймандарды Түркістан телеарнасында тікелей эфирде өткен бағдарламаға шақырды. Бұл эфирді 9 маусым күні, сағат 21:30 Ертіс телеарнасынан көре аласыздар.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...