ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

The Stambyl

18:33, 22 шілде 2021

Облыстық мұражайда суретші Жанар Сәбденованың «The Stambyl» атты көрмесі ашылды. Көрмеге жерлесіміздің 30-дан аса жұмысы қойылған. Олар әр түрлі жанрдағы туындылар.

Жанар Сәбденова - түркияда танымал болған павлодарлық суретші. Ол жергілікті көркемсурет колледжін бітіріп, кескіндеме пәнінен сабақ берген. Алматыға көшіп, бағын сынағанымен, Түркияның Ыстамбұл қаласында танымалдылыққа ие болыпты. Париж, Ыстамбұл қалаларында, сондай-ақ, Қазақстанда дизайнер ретінде сән аптасына қатысқан. Жақында Жанар Сәбденова Еуропада өтетін көрмеге өз жұмыстарын жіберуді жоспарлап отыр.

Жанара Сәбденова, суретші:

Сурет - бұл үлкен өнер. Әр жұмысқа сіз жүрек пен жанынызды бересіз. Табиғатпен қарым-қатынаста боласыз.

Өз жұмыстарында Жанар Сәбденова сурет салудың түрлі кескіндемелік жүйелерін қолданады. Бірақ өзі пейзаждар жазуды ұнатады.

Ольга Пашко, көркемсурет мұражайы директорының орынбасары:

Ол гүлденген бақтарды жақсы көреді, теңіз жағалауларын ұнатады, қаланың ерекше ырғағын ұнатады. Жалпы, Жанардың әр жұмысы бұл жаңа ашулар.

Аталмыш көрме Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында өтуде. Суретші әкелген суреттер топтамасы Қазақстанда қалады.

 

Мөлдір Бультекова, Раиса Моргунова

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...