ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТӨРІ» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

20:00, 22 ақпан 2021

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тәуелсіздік төрі» атты арнайы алаң мен көрме ашылды. Ерекше бастама ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік төрі» деген асқақ атқа ие арнайы алаңдағы көрмеге азаттық жылдарында жарық көрген,  егемендікке жетудің жолын бағамдаған 100-ден астам бағалы кітаптар қойылды. Елбасының елдің өркендеуі  жайлы еңселі еңбектері, «Желтоқсан оқиғасы» туралы  көптомдық та төрден орын алды. 

Алпысбай Хонж, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітапханашысы:

Бұл алаңда 100-ден астам тәуелсіздікке қарсы кітаптар қойылған. Соның ішінде еліміздің іргетасын қалаушы еліміздің гүлденуіне, дамуына өзінің ерен еңбегін сіңірген елбасымыз, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін айшықтайтын кітаптар, соынмен қатар тәуелсіздікке қатысты қаламгерлердің кітаптары сондай ақ, тәуелсізідк алу жолындағы соңғы күресімізщ желтоқсан оқиғасына қатысты кітаптар осы көрмеден орын алған.

Көрмеден тәуелсіздік туралы құнды деректер, тарихи фотосуреттерді тамашалай аласыз.

Гүлсара Мәлікова, тілші:

Бұл алаңда жыл бойы тәуелсіздік тақырыбындағы мәдени-рухани шаралар өткізу жоспарланған. Қаланың кез-келген мекемелері, тұрғындар мен қонақтары егемендік жайлы бастамаларын осы жерде жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, көркі көз тартар көрме алаңында естелік фотосуретке түсуге де мүмкіндік бар.

Айта кету керек,  былтыр бұл төрде Абай Құнанбайұлына арналған алаң қызмет етті. Кітапханада сондай-ақ, тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып  19-қаңтар күні ашылған, 200-ден аса кітап қойылған көрме де жұмыс істеп тұр. 

 

Гүлсара Мәлікова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ай-тұмар» кітабының тұсаукесері өтті
22:09, 3 маусым 2021
«Ай-тұмар» кітабының тұсаукесері өтті
Толығырақ...
Түркістан мен Павлодар меморандумға қол қойды
22:05, 3 маусым 2021
Түркістан мен Павлодар меморандумға қол қойды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
18:45, 7 маусым 2021
105 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті
Толығырақ...
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
21:35, 8 маусым 2021
Бұдан былай адамдарды тексермей шағын несие рәсімделмейді
Толығырақ...