ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Театр, Опера, Балет!»

15:37, 25 қаңтар 2022

Облыстық көркем-сурет мұражайында «Театр, опера, балет!» атты көрме ашылды. Аталмыш көрме қазақтың опера әншісі және актрисасы Күләш Байсейітованың 110 жылдығына арналған.

Сергей Калмыков, Евгений Сидоркин, Кулахмет Ходжиков, Владимир Колоденко, Әубәкір және Гүлфайрус Исмаиловтар, Зоя Береговая сынды қазақстандық авторлардың 22 туындысының экспозициясы «Театр, опера, балет!» - деп, аталды. Көрмеде театр декорациялары мен костюмдерінің эскиздері, сонымен қатар мұражай қорындағы картиналар мен сызбалар ұсынылған.

Асыл Арғын, көркем-сурет музейі экскурсиялық бөлімінің маманы:

Біздің музейімізде 20 ғасырда танымал болған 7 автордың 22 жұмысы ұсынылған. Бұлардың ішінде кескіндеме, графика, киімдерге арналған эскиздерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Керемет қол өнердің бірі Зоя Берегованың жұмысы - майолика. Сол кездің тағы бір визиттік картасы,  мүлдем басқаша жұмыс. Бұл жерде негізінен графика мен кескіндеме ұсынылған.

Асыл Арғын, көркем-сурет музейі экскурсиялық бөлімінің маманы:

Көрме жаңа айтып кеткендей 1 ай көлемінде өзінің жұмысын жасайды. Таңғы 10-нан, кешкі 6-ға дейін үзіліссіз тамашалуға келген қонақтарымызды күтеміз. Карантиндік талаптар бойынша әрбір жаңа қонағымызды күтуге дайынбыз.

19 қаңтарда ашылған көрме Ертіс өңірінің тұрғындарын бір ай бойы қуантпақ. Павлодарлықтар кез-келген уақытта қазақстандық авторлардың туындыларын тамашалай алады.

 

Құдайберген Бердімұрат, Артур Поляков

Тақырып бойынша материалдар

«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
20:23, 19 мамыр 2022
«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...