ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Сары қыз» кітабының тұсауы кесілді

21:47, 26 шілде 2021

Бүгін Сүлеймен Баязитов атындағы облыстық балалар оқу орталығында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, белгізі жазушы Ғалия Құсайынқызы Балтабайдың «Сары қыз» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. 3 ай ішінде жазылған туындыға өңірдің қоғам белсенділері оң бағасын беріп үлгерген. Сиясы кеппеген туынды жайлы келесі сюжетте.

Бұл – Ғалия Құсайынқызының 12-ші кітабы. Сонау өзінің балалық шағы өрнектелген жаңа кітапты жазуға 3 айдан астам уақытын жұмсапты. Оның шығу тарихы да ерекше. БАЛА КЕЗІНДЕ Ғалия апайды анасы Сары қызым деп еркелетсе керек. Тіпті, жанындағы сыныптастары да сол атқа үйренісіп кетіпті. Сондықтан осы атау таңдалған.

Ғалия Балтабай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі:

Мына сары қыз деп қойғаным – менің бала кезімде анашым кішкентай сары шымшығым дейтін. Ал, енді мектепке келгенде балалар әліг бір кличка дейді ғой, лақап атқойғанда, өзім бойым кішкентай сыныптың артында тұратынмын. Өзім сап-сары болатынмын. Қай жерге төменгі класта оқыған Железинкадағы оқыған мектепте болсы, қазақ мектебін Ертісте жалғастырдым. Сол мектепте болсын неге екенін білмеймін балалар менің атымды Ғалия деп емес Сары қыз деп айтатын.

Кітап – балаларға арналған. Барлығына бірдей түсінікті болуы үшін жеңіл жазылған. Сонымен қатар, үш тілде жарық көргенін де атап өткен жөн. Ал, мұқабасы мен ішіндегі көркемдегіш суреттер Мәскеулік суретші салыпты.

Сәуле Османова, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

Бір ерекшелігі кітап үш тілде. Бала ьілімен, бал тілімен жазылған. Түрлі түсті осы суреттерді РФ Санк-петербург қаласының суретшісі қатысып, суреттерді осы кітапқа арнап, салып ол Мазепа Анна сол кісі де сондай бір қолқшын көрсетіп, балаларға ұсынып отырғанынан сізге ерекше алғысымыз шексіз.

Сары қыз кітабына ең алғашқылардың бірі болып, облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы талдау жасапты. Шығармаларды оқып отырып, көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің стильін аңғардым,-дейді. Бұл балалар үшін өте жеңіл болса керек.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Шындығында өзі айтып өткендей автордың өте қарапайым тілмен және өте өзекті мәселелер көтерілгенін де атап өткім келеді. Мысалы біздер тарихтан көп оқимыз ғой, қандай жағдайлар болды, соғыстан кейін өте ауыр болды. ал, мына жерде бейімбет Майлиннің әңгімелері секілді маржандай төгіп, қысқа-нұсқа өте бір керемет стильде, жанрда жазылғанын атап өткім келеді.

Салтанатты тұсау кесу рәсіміне дөңгелек үстелге жиналғандардан бөлек, зум платформасы арқылы үн қосқандар бар. онлайн форматта тамашалаған балалар кітаптың ерекшелігін айтып, туындыларға мазмұндама жасады.  Автордың айтуынша, алдағы уақытта бұл кітаптың жалғасы болады. Әзірге тек Ғалия Балтабайдың 1-5-ші сыныптарда басынан өткен оқиғалары жинақталған. Ал, «Сары қыздың» электронды нұсқасын шығару әлі ойымда жоқ,-дейді автор.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
03:17, 17 қыркүйек 2021
Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
Толығырақ...
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
10:10, 16 қыркүйек 2021
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
Толығырақ...
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
09:58, 16 қыркүйек 2021
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...