ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды

03:17, 17 қыркүйек 2021

Облыс орталығындағы музыкалық мектеп-интернаты кешенінің қабырғасында өңірімізге белгілі сазгер Рүстембек Омаров атындағы арнайы кабинет ашылды. Салтанатты шараға Елордадан келген меймандар қатысты. Айта кетейік, аталмыш кабинет Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінше пайдалануға беріліп отыр.

Павлодар облысында Рүстембек Омаров атындағы үлт аспаптар оркестірі бар. ал, енді даңқты жерлесімізге арнап бір кабинет ашу заңдылық. Бұл кабинетте сазгердің болашақ ізбасарлары тәрбиеленіп шығады деген сенімдеміз. Салтанатты ашылу рәсіміне «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова арнайы келіп қатысты. Шарада сөз алған спикер келген қонақтар мен колледж студенттеріне алғысын білдіріп, кабинеттің ашылуымен құттықтады.  

Жанар Боқанова, «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Рухани Жаңғыру» орталығының басшысы:

Жастарға тәлім тәрбие беріп жатырсыздар. Сіздерге мың алғыс. Енді бүгінгі кабинет жаңа айтып отырмыз мен ойлап едім біздің елімізде 5-6 мектеп бар деп. Бүгін 7 мектептің мәліметі туралы омаров атамыз туралы шебер домбырашы екендігін өзіміз көріп, біздің елбасымыздың үлкен, арнайы жобасы бар. ол – ұлы даланың ұлы есімдері дейді. Бүгін біз осы еліміздің ұлы даламыздың есімдерін шығарып отырсыздар.

Негізі жоспар бойынша атлмыш кабинет былтыр ашылуы керек еді. елдегі шектеу шараларына байланысты биылға қалдырылған.

Серік Сыздықов, дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаты кешенінің директоры:

Өкінішке орай пандемияның кесірінен біраз кешігіп қалды. Дегенмен осы біздің жас ұстаздардың өздерінің жұмыс тобы құрылып, Рүстембек атамыздың барлық ақпараттары, бтографиясын, шығармашылығын фотосуреттені, барлық құжаттарын жинап, Алматы қаласына арнайы іс-сапармен барып, үлкен жұмыс жасалып, бүгін осындай шығармашылық кабинеті ашылып жатыр.

Рүстембек Омаров 1919 жылы Аққулы ауданында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан ерте айырылып, өмірдің тауқыметін көріп өседі. 1934 жылы Ахмет Жұбановпен танысып, өнерге, әнге деген қызығушылығы арта түседі. Уақыт өте келе қазақ ұлт аспаптар оркестрін құруға ат салысады. Қазіргі уақытта салып кеткен сара жолы әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
20:18, 8 қазан 2021
Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...