ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда алғаш рет қылқобыз үйірмесі ашылды

19:52, 26 қаңтар 2022

Сенің үнің секілді менің үнім, Елжіреуін қарашы, егілуін? Ақын Исраил Сапарбай қобыз аспабы жайлы осылай деп толғанады. Қазір қобызшылар да азйып, киелі аспаптың да сиреген кезі. Осы олқылықтың орыны толтыру мақсатында «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы өңірімізде алғаш рет жалпы көпшілікке арналған қобыз үйірмесін ашты.

Қобыз- ең көне аспаптардың қатарына жатады. Ыспалы аспаптардың арғы атасы ретінде бағаланады. Бүгінгі заманға сай жасалған прима құбыз түрі де бар. Ал, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығана ашылған үйірме шынайы қылқобызды үйренсем дегендерге арналады. Жалпы жасөспірімдерге бағытталғанымен, жас мөлщеріне шектеу жоқ десе де болады.

Бөкен Жігер, айтыскер, қобызшы:

Үйріменің жұмысы бізде балалардың уақытына қарай, аптасына екі рет деп жоспарлап отырмыз. Екі күнге орналастырамыз деп отырмыз бұйырса. Бір күнде екі сағаттан. Аптасына төрт сағат болады.

Бөкен Жігер бұл аспапты жеке қызғушылығының арқасында үйренген. Қазақтың ежелгі қобызбен жырлау дәстүрін қайта жаңғыру мақсатында еңбек етуде. Ниеттілерге де осы өнердің әліппесін үйретуге әзір.

Бөкен Жігер, айтыскер, қобызшы:

Қобыз бағытында біз күйге емес, дәстүрлі әнге басымдық беріп отырмыз. Бізде қобызбен ән айту дәстүрі кенжелеп қалғандықтан, осыған баса мән бермекпіз. Қобыздың ұстауынан бастап қарапйым сауаттылықты үйретеміз деп отырмыз бұйырса. 

«Шаңырақ» халық шығармашлығы орталығынан ашылған «Шалқыма» үйірмесінде өнердің бірнеше түрі жұмыс істейді. Әсіресе қазіріг уақытта ел ішіне көп тармаған, асихаты кенжелеп қалған ежелгі өнер түрлеріне дем беруді өздеріне мақсат тұтады.

Жарқынбек Амантай, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығының басшысы:

Жалпы «Шаңырақ» халық шығармашлығы орталығының негізгі міндеті халықтың шығармашлығын дамыту болғандықтан, осы мақсатқа көбіре көңіл бөліп отырмыз. Қобыз қащан да біздің домбырамен тең тұрған аспабымыз. Қазыналы аспабымыз. Бұны насихаттау ұлттық кодымызды жастардың бойына дамыту деп айтар едім.

Орталықтың алдағы уақытта да жоба жоспарлары көп. Әзәрге карантиндік шектеулер жағдайында жұмыс істеп жатқан орталық, жағдай қалыпқа келсе көпшілікке сүйінші жаңалықтапрывмыфз көп деп отыр.

 

Жанасыл Серікбол

 

Тақырып бойынша материалдар

«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
20:23, 19 мамыр 2022
«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...