ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыстың мәдени ошақтары үздік атанды

20:45, 23 мамыр 2022

Мәдениет қызметкерлері күні қарсаңында өңіріміздің бірқатар мәдени ошағы республикалық фестивальден үлкен табыспен оралды. Атап айтар болсақ, Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен «Шаңырақ» шығармашылық орталығы «Рухани қазына» фестивалінде топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.

Республикалық шара Түркістан қаласында өткен. Оған өңіріміздің бірқатар мәдени ошағы ат салысты. Солардың ішінде «Шаңырақ» облыстық шығармашылық орталығы «Үздік облыстық мәдени-демалыс кешені» аталымы бойынша ең үздік деп танылды. Үздіктерді анықтау үшін мәдени нысанның соңғы уақытта атқарған жұмыстары мен жетістіктері сараланған.

Қыл қобыздан бөлек, орталықта заманауи музыка бағытындағы «Әуен» студиясы, «Майра» ән мектебі ашылғаны белгілі. Ал, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасы да бұл фестивалінде «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша үздік аталды.

Алпысбай Әбділұлы, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі:

«Рухани қазына – 2022» республикалық фестиваліне үш бірдей номинация бойынша қатысты. Керемет жоғары деңгейде өтті. Бір ғана кітапхана саласы бойынша 125 өтінім келіп түскен екен.

Рухани қазына фестивалі 5-рет өтіп отыр. Биыл жиыны 285 өтінім келіп түскен.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...