ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Нағыз қазақ - домбыра

18:43, 28 шілде 2021

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Успен ауданында оркестр құрылған еді. Содан бері әр мерекеде елдімекенде домбыраның үні күмбірлеп, жастардың қызығушылығы артты. Осылайша ұлттық өнер ұлықталып жатыр. Толығырақ, тілші тарқатсын.

Осыдан екі жыл бұрын Успен ауданы әкімынің бастамасымен аудандық оркестр құрылды. Алғашқы жылдары топ құрамында 20 адам болса, кейін саны 70-ке дейін көбейді.

Медет Таласхан, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы:

Міне, карантинге қарамастан, біз 2 жыл онлайн форматта жаттығуларымызды шыңдай бердік. Бүгінгі таңда 70 адамның көлемінде оркестрдің құрамы сапталды. Бұл шекаралық, біз сияқты домбырадан кенже қалып қойған ел үшін үлкен жетістік деп ойлаймын.

Успен жұртшылығының домбыра өнеріне деген қызығушылығы ерекше. Қазіргі таңда аудандық музыкалық мектепте балалардың 3 тобы, ересектер тобы да бар. Сондай-ақ, ауданның әрбір мәдениет үйі мен мектептерінде домбыра үйірмелері бар.

Жігер Бөкен, домбыра үйірмесінің оқытушысы:

Бізде қазір музыкалық мектепте жалпы 45 бала бар. Оның ішінде 20 тарта бала домбыра сыныбында күннен күнге домбыраға деген қызығушылық артып, балалардың саны көбейіп келеді.

Домбыра күніне орай, аудандық оркестр халыққа мерекелік шара ұйымдастырды. Аталмыш шарада домбырашылар 3 күй тарту етіп, өнерлерін көрсетті.

 

Әсем Бекмырза

Тақырып бойынша материалдар

Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
03:17, 17 қыркүйек 2021
Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
Толығырақ...
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
10:10, 16 қыркүйек 2021
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
Толығырақ...
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
09:58, 16 қыркүйек 2021
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...