ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫ

12:54, 26 наурыз 2020

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі құнды жәдігерлермен толықты. Ертіс-Баян өңірінен шыққан жазушы, ақын Мұзафар Әлімбаев пен Жабай Тоғандықовтың жеке заттары Алматы қаласынан арнайы әкелінді.

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі қашан да жаңа жәдігерлермен толығып отырады. Осы жолы  қазақтың халық жазушысы,   ақыны Мұзафар Әлімбаев пен қазақ КСРінің еңбек сіңірген әртісі Жабай Тоғандықовтың жеке заттары жеткізілген. Бұлар, қорда сақталатын ерекше заттар.

Амангелді Егінбай,  Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері:

Мұзафар Әлімбаевтың өзінің қолданған заттары болып есептеледі. Одан кейін сыланған сыйлықтары көз тіріснде өзінің әріптестері, жазушылар қауымы сыйлаған сыйлықтары мінекей қолымызға тиіп отыр. Көзілдірігі, қаламы, жұмыс үстеліндегі набор деп аталады. Сонымен қатар, өзінің кітаптары музейге тиіп жатыр.

Бақытнұр Бейсенбайқызы, тілші:

Жерлес жазушы, ақын Мұзафар Әлімбаев өз заманында өте сыйлы азамат болған. Бұған дәліле мына үстел үстіндегі кәдесыйлар. Мәселен, менің қолымдағы шағын мына домбыра 1973 жылы сыйланған екен. Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі зор.

Ал, мына домбыра бір ғасырлық тарихы бар құнды жәдігер. Ол қазаққа белгілі әнші болған Жабай Тоғандықовтың домбырасы. Аспапты музей қорына әншінің немересі Тілеуғабыл Тоғандықов тарту еткен.  Заманында әнші бұл домбырамен әуелете ән шырқап, талай кештердің сәнін келтірген деседі.

Амангелді Егінбай,  Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері:

1936 жылы  Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің он күндігінде осы домбыраны қорабымен арқалап жүріп, қазақтың үлкен сахналарында ән шырқаған.

Бүгінде музей қорында 55мыңға жуық жәдігер бар. Жыл сайын толығып, көрермен назарына ұсынылап отырады.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...