ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы

18:44, 14 қыркүйек 2021

Ескелді шатқалында орналасқан Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен кесененің қайта жаңартылғанына 15 жыл толуына орай «Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты Республикалық ғылыми конференциясына өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Баянауыл елі бір туар тұлғалардың алтын бесігі. Ескелді шатқалында ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұрасын жаңғырту мақсатында республикалық ғылыми конференция өткізілді. Шараға Мәшһүртанушы ғалымдар мен зерттеушілер, Баянауылдың құрметті азаматтары қатысты. Филосовтың құнды мәліметтерін зерделеген зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басында жиналды. Естерінізге сала кетейік, биыл ұлы ойшыл Мәшһүр Жүсіп кесенесінің бой көтергеніне 15 жыл толып отыр.

Айтмұхамет Тұрышев, Мәшһүртанушы, профессор:

Кесененің салу тарихы. Оған бізде кезінде ат салысқанбыз. Кірпішін қаласқанбыз. Қазір кім ойлаған тарихқа айналады деп. Бұл тек қана кесененің салынуы ғана емес, өткен тарихқа, болашақ тарихқа М.К туралы міндетті түрде айтылады және айтылды.

Бұдан бөлек, шара аясында ақынның ұрпағы, М.Ж.Көпеев мемориалдық музейінің меңгерушісі Әсет Қажымұқанұлы Пазыловтың Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ғұмырнамасы, шығармалары мен еңбектеріне толы сиясы кеппеген «Алты Алашқа жайылып кеткен атым» және «Степной провидец Машхур Жусуп» атты  жаңа кітабының тұсау кесері өтті.

Әсет Пазылов, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ұрпағы:

Орыс тілінде жазылған кітап. Менің алдында жариялаған қазақ тіліндегі кітабымның аудармасы. Бұл кітапта мен Мәшһүр Жүсіп бабамның әулиелігі жайында сыр шертем.

Ал, шара соңы «Көне ғасыр күмбірі» аймақтық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.

Салтанат Қисақова, «Көне ғасыр күмбірі» аймақтық байқауының жеңімпазы:

Бұйырғаны, Аллаға шүкір осы бас жүлде. Өзімізде қобалжып жатырмыз. Аллаға шүкір дейміз. Мәшһүр атамыздың рухы қолдап, өнерпаздарымызға ақ жол тілейміз.

Ғылыми конференцияға Республикалық қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры мен сарапшылары қатысып, Мәшһүр Жүсіптің көнеден келе жатқан құнды мәліметтерін сақтау мақсатында атқарылған жұмыстары жайында баяндама оқыды.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Көркемсөз шеберлері Торайғырда жиналды
08:59, 22 қыркүйек 2021
Көркемсөз шеберлері Торайғырда жиналды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
12:02, 21 қыркүйек 2021
Санаққа онлайн қатысқандар сыйлық ұтып алды
Толығырақ...