ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы»

22:07, 10 қыркүйек 2021

Ертіс-Баян өңірінде «Мәшһүр Жүсіп мұрасының жаңғыруы» атты Республикалық ғылыми конференциясы басталды . Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен домбырасын күмбірлеткен жыршылар жиналды. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің жазған шығармалары - халық үшін қымбат мұра, адами қасиеттерді сақтауда өзіндік бағыт берер кұн жетпес дүние. Өскелен ұрпақтың басты мақсаты келер ұрпаққа сол құндылықтарды сақтау.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалары - қазақ әдебиет, мәдениетінің асыл мұрасы. Адамның болмысы, ақыл, білім, тәрбиесі. Мұның бәрін ғұламаның жырларынан кездестіруге  болады. Ертіс-Баян өңіріне Мәшһүр Жүсіптің өлең-жарларын моншақтай тізіп, халыққа домбыраның үнімен шырқаған термешілер жиналды.

Серік Елікбаев, профессор:

Мәшһүр Жүсіп қазаққа ортақ. Мәшһүр Жүсіпке келіп, сол аңсауын айтқан, соған сөз салған, әркім қазақты ұнатып және қазақты жылатып кететіні анық. Бүгінгі шара Мәшһүр Жүсіп ұлтпен бірге екенін, және ешқашан бөлінбейтін шара деп ұғынамын. Демек, әр жерден келген өнерпаздың бәріне өрлі және өрелі өнер тіледік.

Мәшһүр Жүсіп атындағы «Көне ғасыр күмбірі» республикалық байқауына Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Костанай, Сыр елі Қарағанды және Ертіс-Баян өнерпаздары жиналды.

Ұланғасыр Қамиев, байқауға қатысушы (Қарағанды облысы):

Менде 5 жыл бұрын дәл осы сайысқа қатысып 3 орын алғам. Тағыда бағымызды сынаймыз деп келіп тұрмыз. Мәшекеннің жырын жаңғыртайық деп, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.

Салтанат Қисақова, дәстүрлі әнші, термеші:

Осы байқауға әр өңірден, арқа өңірі қатысып жатыр. Жас ерекшелігіне қарамай қатысып жатыр. Өзім Мәшһүр жүсіптің «Дауасыз дертті» шығарып жатырмыз.

Байқаудың негізгі мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ғасырлар бойы жинаған жырларын еліміздегі орта және жас буын жыршы-термешілерге жырлатып, халыққа таныту. Өнерге жаңаша серпін беріп, ауыз әдебиетін дамыту. Шараның екінші бөлімі, Баянауыл ауданы Ескелді шатқалынды өтеді.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
03:17, 17 қыркүйек 2021
Рүстембек Омаров атындағы кабинет ашылды
Толығырақ...
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
10:10, 16 қыркүйек 2021
Биден нұр шашқан - «Нұршашу» ансамблі
Толығырақ...
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
09:58, 16 қыркүйек 2021
«Ревизор» қойылымының премьерасы өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...