ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мерекеге орай бірқатар азамат марапатталды

12:24, 7 мамыр 2022

Өткенімізді ұмытсақ, бүгінімізге сын. Ерлігімізді ұмытсақ, елдігімізге сын! Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына – 30 жыл! Сонымен қатар, Отан қорғаушылар күніне орай Естай атындағы мәдениет сарайында салтанатты шара өтті.

Қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан қомақты үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 30 – жылдығын мерекелеуге орай «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, құрмет грамотасымен, сондай-ақ аймақ басшысының алғыс хатымен 23 адам марапатталды.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

30 жыл ішінде Павлодар облысының әскери қызметшілері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жоғары кәсіби біліктілік, әскери абырой және ерлік символына айналды. Сондықтан ортақ шаңырағымыздың қорғаны болып тұрған сіздерге ерекше алғысымды білдіремін.

Өскелең ұрпақтың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру басты назарда болғаны жөн. Олардың бойында Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін көсілген сайын даланы қорғаған бабаларымыздың қаны бар!  

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
20:23, 19 мамыр 2022
«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...