ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Мемлекеттік қызметкерлер әзіл айтып жарысты

18:01, 20 маусым 2022

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаныңда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында көңілді тапқырлар ойыны өтті. «Мемлекеттік қызмет: кеше, бүгін және ертең» тақырыбын арқау еткен басқосуға аймақтың 10 ауданы және 3 қаласынан командалар қатысты. Толығырақ ойынды тамашалап қайтқан тілші материалында.

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Осы күнге орай облыстық мемлекеттік қызмет істер агенттігінің қызметкерлері әзіл айтып жарысты. Қатысушылар  ережеге сәйкес 3 тапсырманы орындады. Алдымен «Сәлемдесу», бұдан кейін «Сергіту» бөлімінде сахна төрін жандандырып, тартысты ойын өткізді. Ал «Үй тапсырмасында» олар өзекті  мәселелерді қозғады.  

Ержан Қарымсақов, Павлодар облысы бойынша  мемлекеттік қызмет істер агенттігінің басшысы:

Аталған шара өңірдегі мемлекеттік қызметшілер уақыттан тыс уақытта өздері шамалы дем алып, сол үшін істелініп жатқан іс шара. Біріншіден мемлекеттік қызметші әділ болуы керек ашық болу керек клиентке бағдар болуы керек. Білімбі, креативті болу керек. Қазіргі заманға сай.

Ойынға 6 команда қатысты. «Аудан микс» командасында  Май, Екібастұз, Баянауыл аудандары болды.  Успен мен Шарбақты аудандары бір ұжым болып келді. Ал  «Қазы-қарта» тобында Железин мен Тереңкөл ауданы қызметкерлері бірікті. «Аралас» командасы Ақтоғай, Аққулы мен Ертіс тобынан құрылды. Әріптестерімен бірге Ақтоғай ауданынан Махамбет Имантай келді. Ол  мемлекеттік қызметте 12 жыл еңбек етеді.

Махамбет Имантай, Ақтоғай ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы:

Нақты өзімізді айтатын болсақ, біз аралас командасы, Ақтоғай, Аққулы, Ертіс командаларынан құралғанбыз. Осы шараны ұйымдастырып жатқан ҚР мемлекетік қызмет істер агенттігінің ПО бойынша депратаментіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Шара өте жоғары дейңгейде ұйымдастырылған. Және қызықты өтіп жатыр. Біз мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет көрсету емес, сонымен қатар спорт және басқа да салаларда жан жақты болуымыз қажет. Сондықтан осы ойынның жалпы облысымызда алғаш рет өтіп жатқанын атап өткім келеді ерекше.

Әділқазы алқасының шешімімен Железин мен Тереңкөл аудандарынан құрылған «Қазы-Қарта» командасы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қатысушылар түрлі номинацияда марапатқа ие болды.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
09:25, 6 шілде 2022
Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...