ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

«Күй керуені» жалпыұлттық жобасы басталды

08:31, 17 қараша 2021

Павлодарда «Күй керуен» жалпыұлттық жобасы басталды. «Жебе» қоғамдық бірлестігі Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай осындай мәдени жобаны қолға алып отыр. Енді әлеуметтік желілер арқылы кез-келген өнерпаз бұл жобаға ат салыса алады.

 «Күй керуені» жобасы Тәуелсіздік мерекесіне бір ай қалған уақытта салтанатты түрде бастау алды. Енді азаттықтың 30 жылдық мерекесіне орай 30 күн бойы күй тартылып, домбыра үні әуелемек. Шара мақсаты – ұлт мәдениетін насихаттау, киелі домбыра үнін асқақтату.

Алпысбай Әбділұлы, «Жебе» ҚБ мүшесі:

Бұл бастамаға себепкер болға, негіз болған тәу етер тәуелсіздігіміз. Кез-келген күйші отбасымен, жеке блса, ұжыммен жақсы бір күйді орындап, біздің хэштэгті белгілеп, әлеуметтік желіге жариялауына болады.

Тұсукесер рәсімі бір сәтте облыстың аудандары мен қалаларында бірнеше жерінде өтті. Бұл шараға Монғолияның Баян-Өлгей қаласындағы күйшілер де ат салыстындығы хабарланды. Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы 42 мектептің оқушылары 16-желтоқсан тәуелсіздік күніне дейін күй тартпақ.

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда алғаш рет қылқобыз үйірмесі ашылды
19:52, 26 қаңтар 2022
Павлодарда алғаш рет қылқобыз үйірмесі ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...