ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

ҚР шекара қызметіне 30 жыл толды

10:25, 4 шілде 2022

Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті жанынан шекара қызметі құрылды. Осы атаулы датаға орай аймағымыздың шекара сарбаздары Железин ауданында әскери-патриоттық әндер концертін ұйымдастырды.

Железин ауданының мәдениет үйіне аудан халқы жиналды. Сахна төрінде шекара қызметкерлері «Шаңырақ» мәдениет орталығының өнерпаздарымен  бірге  концерт өткізді.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі:

Биыл біздің шекарамыздың қызметіне 30 жыл толып отыр. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің шекарасы әрқашанда берік болсын. Бүтін болсын дейміз. Өздерінің роликтерін көрсетіп, біздің шекара қызметіне шақырып жатыр. Біздің жастарымыз бүгінгі кештен жақсы әсер алып, шекара қызметі қатарын толықтырады деп сенеміз.

Іс шараның мақсаты өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Данияр Сарымсақов,  шекара қызметі басқармасының бөлім бастығы:

Сіздерге мына уақыттарын бөліп біздің концерті тамашалауға келгендеріміңзге көп рахмет. 18 тамыз күні қарсаңында Астанадан үлкен ансамбль келеді. Мейрам алдында. Көп рахмет. Денсаулық, аспанымыз ашық болсын. Шекарамыз берік болсын.

Аудан халқы өткен іс шарадан мол әсер алды. Осы сынды салтанат аймағымыздың 6 ауданында өтті.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...