ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«КӨРПЕ FEST» ЭТНО-ФЕСТИВАЛІНЕ ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ

18:37, 25 ақпан 2021

Қолөнерге қызығушылық танытқандардың қабілетін қолдап, ұлттық өнерді дамытуды мақсат еткен «Көрпефест» мегажобасы өңірімізде өткен жылдың қараша айында бастау алды. Шараның авторы–белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада. Түрлі қазақы бұйымдарды тігуден онлайн шеберлік сағатын өткізіп, қатысушылар арасында байқау ұйымдастыруда. Бүгінде жобаға өңірімізден ат салысып жатқан ісмерлердің өнері бағаланып, әлеуметтік желілерде дауыс берілуде.

Ұлттық өнерді дамытып, ісмерлердің шеберлігін шыңдай түсуге мүмкіндік жасаған «Көрпефест» мегажобасының қатысушыларына дауыс беру басталды.  Павлодар облысынан аталған сайысқа  қатысуға 363 қолөнер шебері ниет білдірген, бүгінде олардың екі жүзі іріктеліп жобаға ат салысуда.

Асылбек Мейірманов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:  

17-ші ақпаннан жұмыстар  барлығы Ырза Тұрсынзаданың әлеуметтік желілерінде тіркелді әлі де қосылуда, яғни халық өзі дауыс беріп сол жерде анықталады.

Мегажобаға қатысушыларының ең жасы –- 6 жастағы бүлдіршін болса, үлкені 70-тен асқан әже. Ең көп өтінім Екібастұз бен Баянауылдан түскен. Додаға ісмерлер 3 номинация бойынша ат салысуда. 

Асылбек Мейірманов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:  

Ұлттық интерьер бірінші номинация, екінші номинация 4 көрпе, 4 жастық, ал үшінші номинация ютуб материалдарынан жасалған материалдар, бұл жерде яғни Ырза Тұрсынзада өзінің мастер класс беріп сол жұмыстарды қолөнер шеберлері жасап өддері сол этнофестивальге қатысуда.

Айта кетейік, этнофестивальдің қорытындысын жасап, марапаттау рәсімін өткізу 19-наурызға жоспарланып отыр.

 

Гүлсара Мәлікова

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ КҮЛӘШ АХМЕТОВАМЕН ЖҮЗДЕСТІ
19:09, 14 сәуір 2021
ЖЫРСҮЙЕР ҚАУЫМ КҮЛӘШ АХМЕТОВАМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...