ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

«Көңіл толқыны» қуыршақтар көрмесі ашылды

12:20, 21 қыркүйек 2021

Павлодар облыстық көркемсурет музейінде Пернегүл Омарованың «Көңіл толқыны» атты авторлық қуыршақтар көрмесі ашылды. Көрме авторы Ертіс өңіріне ат басын тіреді?

Авторлық қуыршақ, миниатюралық мүсін - сәндік-қолданбалы өнер тарихындағы жұмбақ және аз зерттелген құбылыс. Өнердің жұмбақ тұсымен айналысу үшін үлкен батылдық пен зор фантазия керек. Көрме авторының айтуынша, туынды жасау үшін шабытты айналасындағы жандардан алады.

Пернегүл Омарова, көрме авторы:

Дайын болу мерзімі әр мүсіннің қиындылығына қарай. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 20 күннен бастап 3 айға дейінгі мерзімде дайын болады. Туынды күрделене түскен сайын, көп еңбек пен уақытты талап етеді.

Оның еңбектері - ұлы тарихи тұлғалардың, қазақ халқының аңыздары мен ертегілерінің кейіпкерлері, халықтың тұрмысын, салт-дәстүрін көрсететін көріністер, поэтикалық образдардың шебер орындалған бейнелері. Пернегүл Омарованың жұмыстары көптеген Қазақстан және шет елдерінің көрмелеріне қатысқан.  

Пернегүл Омарова, көрме авторы:

Көрме ұйымдастырар алдында бірден айттым, Павлодарға барамын деп. Бұл қаланың тұрғындары сырттай кел-беттері тұйық болғанмен, жүректері ашық, кең-пейілді жандар.

Қуыршақтар көрмесі балалармен қатар ересек адамдардың қызығушылығын тудырады. Бұл қойылым 3 қазанға дейін қала тұрғындарына ұсынылады.

 

Құдайберген Бердімұрат, Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
20:18, 8 қазан 2021
Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
Толығырақ...
Ертіс өнер мектебінде 550 бала оқып жатыр
20:08, 8 қазан 2021
Ертіс өнер мектебінде 550 бала оқып жатыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...