ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қоғам қайраткері Қуат Есімханов өмірден өтті

19:56, 12 мамыр 2022

Елімізге белгілі қоғам қайраткері, меценат, өнер мен мәдениет жанашары Қуат Есімханов дүниеден озды. Орны толмас қаза Ертіс-Баян жұртшылығын ғана емес барша қауымды күңірентті. Қуат Есімханов ұзақ жылдар бірнеше облыста басшылық қызметте істеп, артынан өшпес ізін қалдырды.

Руханият жанашыры 1952 жылы 18 желтоқсанда Май ауданында дүниеге келген. Өзінің естелігінде әжесі Кәмеш аңыз бен ертегіні көп білетін, сол әжесінен атақты Иманжүсіптің, Естай ақынның әнін естігенін айтады. Немерем болашақта сондай ел ардақтылардан болса деген тілеумен оған 6 жасында домбыра, 11-ге толғанда гармонь сатып әперген екен. Алайда, Қуат Есімханов елге қызмет ету жолына түсті.

Рымтай Шөкеев, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Қуат Есімханұлы Павлодар өңірінде өсіп өнген үлгілі, ақылды, абзал азамат. Біз көп жыл бірге жұмыс істедік. Ол Ақсу қаласында, Май ауданында істеді. Мен Баянауыл ауданында істедім. Кейіннен Өскемен қаласында да көп қызметте істеді.

27 жасында Май аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 29-ға енді иек артқанда кеңшар директоры, ал 34 жасында аудандық атқару комитетінің төрағасы лауазымдарын иеленді. Артынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты ретінде Тәуелсіздік деклорациясын, ҚР тұңғыш Конституциясын, Мемлекеттік рәміздерді қабылдауға атсалысты.

Рымтай Шөкеев, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ол кісінің адами қасиеті өте зор. Ол кісі тарихты жақсы біледі, білгісі келіп тұрады. Құсни қорғанға ескерткіш орнатты. Бұдан кейін Павлодарға келіп Майраға ескерткіш орнатты.

Елге қайта құру кезеңі келіп, жұрт демократиялық үдерістерге бет алғанда 36 жастағы Қуат Есімханұлы Ақсу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы еді. Қала атауынан бастап көшелерге дейін тұтас орысша өлкеде ең алғаш болып, ұлттық мәдениет пен руханиятты, тарихи әділдікті іздей бастаған жандардың бірі еді.

Қуат Есімхановтың мәдениетке жанашырлығы, тарихи ақтаңдақтарды іздеудегі қажыры мен қайраты замандастарының жадында, бүгінгі ұрпаққа мұра.

Арман Қани, ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты:

Қазақ руханиятының, қазақ әмдениетінің дамуына аса үлкен үлес қосты. Қазақ мектептерін, балабақшалары, қазақ газетін ашу осы азаматқа тиесілі. Театрымыздың ашылуныа, жер-жерде тарихи тұлғаларға ескерт кіш ашылуна басшылық жасады.

Қазақ халқы Қуат Есімханұлының елге жасаған қызметі, қиын уақыттарда қайыспаған қайратын әрқашан еске алады.

Рымтай Шөкеев, ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Павлодар өңірінің, Май, Ақсу өңірінің дамуына көп үлес қосқан азаматтың бірі. Енді суық хабар естіп жатырмыз. Алла жазса, ертең сағат 10:00-де жаназасы болады. Содан кейін өзінің туған жері Май ауданында жерлейміз. Жатқан жері жарық, иманды болсын деп айтқым келеді.

Тақырып бойынша материалдар

«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
20:23, 19 мамыр 2022
«Сағым жылдар» ансамблінің құрылғанына 7 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...