ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қимақ мәдениеті көрсетілді

20:22, 19 мамыр 2022

Кереку жұртшылығы ортағасырлық қимақ қағанытының мәдениетімен танысты. Шара халықаралық Музей күні аясында ұйымдастырылды. Онда шығыс жәрмеңкесінің салтанаты көрсетіліп, 50-ге жуық қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды.

Шығыс жәрмеңкесі өзінің мерекелік салнатанымен ерекшеленеді. Алыс-алыс жерлерден келген таң-тамаша қыларлық бұйымдар мен қажеттінің барлығы осындай жәрмеңкеден табылатын. Өнерпаздардың да бас қосып, халыққа айрықша думан сыйлайтын кезі де осы. «Музей түні» шарасы аясында

Павлодарлықтар осындай ортағасырлық салтанатты тамашалауға мүкіндік алды. 

Айгүл Сағатова, Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары:

Осы Қимақ қағатынан Қазақ хандыған дейінгі кезеңге арналған үлкен халықаралық іс-шара өткізген болатынбыз. Сол шараның жалғасы бүгінгі «Музей түнінде» көрсетіліп жатыр. Жастарға Қимақ қағанатын көрсету керек. Сол шараны бер мақсатымыз жалпы. Қимақ қағаныт болды. Ертіс бойын бойлады. Археологтра өз жұмысын жасады.

Қимақ қаласының қан базыры әрмен қарай театрландырылған қойылымға, әншілер мен муызканттардың концертіне ұласты. Ал, қағанат қалашығының бір шетіндегі қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарын аударып, қызыушылығын тудыруда. Мәселен, темірден жасалған мергеннің бейнесі мен ағаш сандықтық өрнегі өзіндік ерекшелікке ие.

Базарбай Рахымжанов, қолөнер шебері:

Екі-үш жыл болды темірмен шұғылданып, скульптура жасағаныма. Оңтайлы, жеңіл. Транспартировкаға да оңай нәрсе.

Ежелгі түрік, одан кейінгі қазақ тұрмысында ең тараған қолөнердің бірі сүйектен бұйым жасау еді. Бүгінде кенже қалып отыр дейді шебер Қайнарбек Ерназарұлы.

Қайнарбек Ерназарұлы, қолөнер шебері:

Сүйектен жасалған білім символы ғой енді. Үкі және қаламсап. Конкурстарға қатысқанбыз. Шамаыз келгенше ойдан шығарып бұның бәрін.

Шараға жиналған көпшілік Қимақ қағанатының мәдениетін көру арқылы бабалар рухын сезінгендіктерін айтады.

Шара аясында «Ertis» музейінде жанды экспонаттардың көрмесі де ұйымдастырылған. Тірі экспонаттар көрмесі аясында келушілер өңірдің тарихи тұлағаларымен қатар, андронов адамы, қимақ ханшайымы, бақсы  оброздарын тамашалуға мүмкіндік алды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
09:25, 6 шілде 2022
Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...