ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Қимақ қағанатына тиесілі жәдігерлер табылды

20:35, 25 қазан 2021

Павлодарлық ғалымдар Кенжекөл ауылының маңында археологиялық жұмыстар барысында 9-11 ғасырдағы құнды қорғандарды тапты. Археологтардың пікірінше қорғандар үлкен көшпелі империя – Қимақ-қыпшақ қағанатының өмір сүру кезеңіне тиесілі. Қазіргі таңда бұл жерлерде Марғұлан орталығының мамандары мен мектеп оқушылары зеттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Кенжекөл маңындағы қазба жұмыстары осыдан екі апта бұрын басталған. Тынымсыз еңбек пен тарихи зерттеулердің арқасында ғалымдар тағы бір тың жаңалық ашып отыр. Бұл жерде табылған қимақ қорғандары үлкен ғылыми құндылыққа ие. Топырақтың ерекше химиялық құрамына байланысты ағаш бұйымдары, жібек киімдері, сондай-ақ былғары мен металдан жасалған түрлі заттар жақсы сақталған.

Әлібек Қабылдинов, «Margulan Centre» орталығының қызметкері:

Орта ғасырлардың Қимақ-қыпшақ дәуірлеріне жататын 1 мола табылды. Бұл моланың бір қызығы ағаштан жасалған немен жабылып тұр. Осы Кенжекөлдің топырағы жақсы болғандықтан, ол жақсы сақтайды ағаш пен маталарды.

Елена Тушева, «Margulan Centre» орталығының меңгерушісі:

Біз 2008 жылдан бері қазба жұмыстарымен айналысып келеміз. Бұл жолғы зерттеу жұмыстарының ауқымы өте кең. Ол, Кенжекөл мен Байдала ауылдарының ортасында бірнеше шақырымға созылып жатыр. Шамамен 10-нан астам қорған бар.

Зерттеу барысында жылқының да сүйегі табылды. Бір қызығы Қамбар ата түлігі шалқасынан жатқызылыпты. Ал тағы бір ерекшелік қола дәуірінде өмір сүрген адамның қаңқасының табылуы. Шамамен 800 жыл бұрын жерленген болса керек.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Кенжекөл маңындағы қорғандар өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері зерттеліп келеді. бірақ, ең ауықсдысы дәл осы қазба жұмыстары болса керек. Жергілікті археолог мамандардың сөзіне сүйенетін болсақ, бұл жерде біздің заманымызға дейінгі 1-мыңыншы Қимақ қағанаты өмір сүрген көрінеді. Бұны осы қазба жұмыстары барысында табылған осы әйел адамның қалай жерленгендігінен аңғаруға болады.

Байдала ауылы маңында бірнеше жыл бұрын қазба жұмыстары барысында құнды жәдігер табылған болатын. Бұл Еуразия даласындағы ортағасырлық көшпенділердің жылжымалы тұрғын үйінің жақсы сақталған бірден-бір данасын құрайтын "Қимақ күймесі".

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Барокко болмыс» жинағының тұсаукесері өтті
18:47, 19 қараша 2021
«Барокко болмыс» жинағының тұсаукесері өтті
Толығырақ...
«Күй керуені» жалпыұлттық жобасы басталды
08:31, 17 қараша 2021
«Күй керуені» жалпыұлттық жобасы басталды
Толығырақ...
Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияға 75 жыл!
20:04, 15 қараша 2021
Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияға 75 жыл!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...