ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды

20:18, 8 қазан 2021

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде тарихи маңызы құны картина көпшілікке ұсынылды. Картинада әйгілі режиссер Жұмат Шанинның жары Жанбике Шанина бейнеленген. Бұрын бұл бейне Майра Шамсутдинова болуы мүмкін делініп келіп еді. Алайда, нақты құжаттар мен дәлелдер Жанбике Шанина екендігін айтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай музей қорындағы жәдігерлерді көпшілікке ұсыну жұмыстарының басталғанына біршама уақыт болған. 60 мыңға жуық жәдігерді іріктеп, жүйелеп көпшілікке ұсыну жұмыстары қажырлы еңбекті қажет етіні белгілі. Мәселен, осы мақсатта жұмыла іске кіріскен музей қызметкерлері тосын жәдігерге тап болыпты. 30 жылдан бері музей қорында жатқан картинада  режиссер Жұмат Шанинның жары Жанбике Шанина бейнеленгені анықталды.

Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:

Бүкіл тарихын, актілерін көтеріп қарасақ 1991 жылы бұл кісінің яғни Жанбике Шанинаның сіңлісі Мағзия апамыз әкеліп тапсырған екен. Мағзия апамыз 1914 жылы дүниеге келген. Сол кісі әкеліп тапсырған және қысқаша тарихын да жазып кеткен екен. Тарихында бұл картинада Жанбике Шанина бейнеленген. Мұнда Мұхтар Әуезовтың Қарагөз пьесасының Қарагөз рольінде деп жазылған. Қазір әкеліп көрсетеміз

Картина шамамен 1928-31 жылдар аралығында жазылылған. Алайда, авторы кім екені белгісіз болып отыр. Майлы боямен жазылып, шебер қолдан шыққаны байқалады. Музей суретшісі Рыспек Шәйкенұлы да картина нағыз таланттың қолынан шыққан дейді.

Рыспек Стыбаев, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің суретшісі:

Сапасы енді жақсы жазылған. Мастер екені көрініп тұр. Ертедегі Еуропа стиьінде жазлығаны көрініп тұр. Ол кезде темный фоннан  берірек шығару міндет болды академиялық. Былай келгенде суреттің бірінші план, екінші план, былай ір кете береді өзі. Фоны 3Д болып көрінеді. Бірақ, реставрация керек әлі де.

Жанбике Шанинаның осы уақықа дейін белгілі болған фотолары бар. Картинадағы сурет пен фотодағы ұқсастықты байқау қиын емес дейді мамандар. Жәдігерді толық қалпына келтіру жұмыстары келесі жылға жоспарланып отыр. Айта кетейік, Жанбике Шанина мен Жұмат Шанин 1917 жылы үйленіп, екі бала сүйген, алайда ұрпақтары жастайынан өмірден өтіп, өзері қуғынға ұшыраған.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Ертіс өнер мектебінде 550 бала оқып жатыр
20:08, 8 қазан 2021
Ертіс өнер мектебінде 550 бала оқып жатыр
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...