ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Қалалық Абай оқулары өтті

20:44, 20 мамыр 2022

Павлодарда өзге ұлт өкілдерінің арасында Абай оқулары өтті. Оған қаланың мектебі мен балабақша қызметкерлері, сондай-ақ, әр түрлі кәсіпорын мамандары қатысты. Көркемсөз оқу байқауына биыл 20-ға жуық қатысушы ат салысты.

Мемлекеттік тілдің дамуын одан әрмен кеңейту мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқулары кезең бойынша өтіп отыр. Әуелі қатысушылар Абайдың бір өлеңін нақышына келтіріп, жатқа оқыса екінші кезеңде бір қара сөзін жатқа оқулары керек. Үшінші кезеңде кезек Абайдың әндеріне беріледі. Қытысушылар Абай рухы, Абай сөзі бұрыннан таныс болғандықтан, жарысқа дайындық аса қиын болмағандығын айтады.

Абай өлеңдері барша адамзатқа ортақ. Қай халыққа да жат емес қазыналы туындылар. Қатысушылар әйгілі табиғат жырларынан бастап, лирикалық өлеңдерін де мәнерлеп оқыды.

Лаура Торгашина, №16 лицей мектебінің мұғалімі:

Бүгінгі сайыста орын алсам әрине әрмен қарай өзімді дамытуға тырысамын. Абайдың өлеңдері мен әндері жүрекке өте жақын, жылы болып келеді.

Абай өлеңдерін насихаттау қазақ тілін насихаттау ғана емес. Елін-жерін сүйген, адамгершілікті тұлғаларды тәрбиелеу дейді ұйымдастырушылар.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
09:25, 6 шілде 2022
Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...