ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«ERTIS JASTAR FEST 2022»

17:48, 4 шілде 2022

Ертіс ауданында «Ертіс жастар фест 2022» атауымен дебат турнирі өтті. Шара 180-ге жуық пікірсайысшының басын қосты. Фестиваль аясында өзге де спорттық, мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Екі күнге созылған дебат турниріне 15 команда ат салысты.  Олар маңызды әлеуметтік мәселелерді сөз етті. Соның ішінде Қазақстандағы сот реформасына енгізілген өзгерістерді талқылап, ауыл жастарын қолдау шаралары жайын да айтты. Бұдан бөлек, Павлодар облысындағы экологиялық жағдайы да тақырыпқа тұздық болды.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Белгіленген уақыт маусым, шілде айлары еді. Сондықтан да бүгін келіп отырған қонақтарға рахмет. Жаңа бір ақиқатқа, жаңа бір шындыққа қол жеткіземін деген ойдамын.

Ең бастысы пікір сайыста айтылған ойлар жерде қалмайды. Ең үздік деген идеялар мен ұсынсытарды облыстық деңгейде іске асыру көзделген.

Нұрхан Шарапиянов, шараға қатысушы:

Қазір дебат болып жатыр. Осы жерде өзіміз жастар өз ойларымыз айтамыз. Қандай құқықтар, қандай заңдар керек екенін түсіндіріп айтамыз. Қазір жаңа Қазақстан сондықтан жаңа заңдар ойлап тауып жатырмыз.

Жастар бас қосып, ұшқыр ойларын ортаға салған сайыста жеңімпаз болғандарға аұшалай сыйлық та тағайындалған.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Дебаттық турнирде болсын, спорттық іс-шаралар да болсын әрқайсының өзінің жеңімпаздары болады. Жұлделер қарастырылған. Дебаттық турнирінде бірінші орынға 130 мыңдай, екінші орын 80 мың, үшінші орын елу мыңдай.

Пікір сайыстан бөлек бұнда спорттық шаралар да жоспарланған. Жауынгерлік өнер саналатын көкпар айрықша тартысты өтті.

Жастар үшін лагерь құрылды. Онда әр түрлі ұлттық дәстүрлер бойынша шеберлік сағттары өтті.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...