ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ертіс дарыны – 2021

18:03, 2 қыркүйек 2021

Өңірімізде «Ертіс дарыны» жастар сыйлығын тағайындауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. Бұл байқау арқылы «Спорт», «Мәдениет», «Медиа», «Қоғамдық қызмет» және өзге салаларда облыс дамуына елеулі үлес қосқан жас белсенділер қатыса алады. Талапты жастарға қанат бітіретін бағдарламада биыл қандай өзгеріс бар? Алдағы сюжеттен көрейік.

Бүгінде «Ертіс дарыны» жастар сыйлығы жобасы облысымыздың әр іздемпаз, жаңашылдыққа құштар, кез-келген салада креативті ұшқыр ойымен ерекшелене білген жастарға әсте таныс. Павлодар облысының өсіп, өркендеуіне зор үлес қосқан талантты да, белсенді жастарын қолдау мақсатында жүзеге асқан премия.  Облысымызда бұл жарқын жоба осымен үшінші жыл өткізілейін деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, сыйлық алуға 14 пен 28 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады.

Дәурен Абдрахманов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің басшысы:

Бұл премияға 27 тамыздан қараша айының соңына дейін құжаттарны тапсыра алады. Жастар премиясы 10 номинациядан құралады. Биылғы жылы өзгешелік жаңа номинация қосылды. Бұл номинацияның аты «Бірлігі жарасқан». Кез келген жастар ұйым дары немесе ұжымдар өз өтінімдерін бере алады.

Бұдан бөлек, «Ғылым және инновациялар», «Мәдениет», «Спорт», «Кәсіпкерлік», «Өндіріс қызметкері», «Қоғамдық қызмет», «Медицина», «Медиа», «Ерлігі үшін» және алғаш рет «Бірлігі жарасқан» номинациясы. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңге.

Дәурен Абдрахманов, ақпарат және қоғамдық даму басқармасының отбасы және жастар бөлімінің басшысы:

Біздің премияның басты мақсаты жас талантты, адамдарды қолдау. Өз ісіне берік жастарымызды анықтау. Барынша айтарым жастар қатысңыздар, көріңіздер өз бағынды сынап көріңіздер. Бір адамға 500 мың теңгеден келеді.

Алдымен өтінімдерді және конкурсқа қатысушыларды іріктеу, өтінімдерді қарау. Кейін, 10 номинация бойынша 10 секция құрылады. Комиссия құрамына облыстың белгілі тұлғалары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен спорт, мәдениет өкілдері кіреді.

 

Мөлдір Сағидолла

Тақырып бойынша материалдар

Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
20:18, 8 қазан 2021
Картинада Жанбике Шанинаның бейнеленгені анықталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...