ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Еңлік Жұматаева 75 жаста

22:05, 25 мамыр 2022

Бүгін педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогика білім Академиясының академигі Жұматаева Еңлік Өсербайқызының туған күні. Есімі өңірімізге ғана емес күллі Қазақстанға жақсы таныс ғалым 75 жасқа толып отыр. Ғалымның мерейтойына арналған саланатты шара өтті.

Еңлік Өсербайқызының мерейтойына арналған салтанатты жиында  университет  ұстаздары,  ғалымның әріптестері мен шәкірттері бас қосты. 200-ден астам ғылыми мақала, 40 монография, көптеген оқу құралдарын жазған этнопедагогика салысының майталманын әріптестері құттықтап, Қазақстан ғылымына қосқан үлесін атап өтті.

Рымшаш Төлеубекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Нұр-Сұлтан қаласы):

Жаңа бір технологиялар, инновациялар шығып жатса  Еңлік Өсербаевна бірінші соны талдап жатады. Мен айтамын қалай сіз осының бүгін талданатынын білдіңіз деп. Сонда бұл ғалымның өзінің жұмысына деген жақсы жауапкершілігінің жоғарылығы, сосын болашақ үшін жұмыс істейтін ғалым, артымда із қалсын деп жұмыс істейтін ғалым.

Еңлік Жұматаева Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Новосібір облысы, Қарасуық ауданындағы ауылдан бастап кейін Павлодар облыстық білім  бөлімінде инспектор болып қызмет етті. Кейін жоғары оқу орнынан ауысып, ғылымға біржола бет бұрады. Ғалым бүгінде Торайғыров университетіндегі ғылыми кеңестің төрайымы. Ондаған ғылым кандидаттары мен PhD  докторларын дайындады. Шара барысында университет өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты. Мерейтой иесіне түрлі мекемелердің құттықтау хаттары табысталып, иығына шапан жабылды. 

 

Гүлсара Мәлікова

Тақырып бойынша материалдар

Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
18:04, 3 тамыз 2022
Әлемнің үздік консерваториясына жолдама алды
Толығырақ...
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
17:57, 3 тамыз 2022
Ақсу қаласында заманауи өнер фестивалі өтеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар