ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Елорда күніне орай көрме ұйымдастырылды

09:25, 6 шілде 2022

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Елорда күніне орай көрме ашылды. Онда музей қорының бас қалаға қатысты жәдігерлері қойылған.

Ел астанасы, Нұр-Сұлтан қаласының тарихы тереңде. Ерте кездерден қазақ ордасыының кіндігі, тоғыз жолың торабы саналған. Ақмола кезінде Кенесары хан дәл осы бекіністі басып алып, жау қолынан тазартқан еді. Тәуелсіздік алған тұста бұл қала қайтадан Қазақ мемлекетінің астанасы болды. Бұқар жырау музейіндегі көрмеде әр түрлі сурттерм ен кітаптар қойылған.

Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:

Нұр-Сұлтан қаласының Целиоград қаласы болып тұрған кезіндегі фотосуреттер, ескі ғимараттардың суреттер. Бір апта бойы келушілерге қызмет көрсетеді.

Әрбір суреттің айтары бар. Әр кітапта тарих хатталған. Оқушылар олардың әрқайсысына үңіліп, Елорданың тарихына көз жүгіртті. Әр елдің астанасы қастерлі де киелі. Елорда тек саяси ғана емес, мәдени, рухани да елдің күре тамыры болмақ. Ал, қазіргі ел астанасының жөні тіптен бөлек.

Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:

Бұрынғы заманның кезінде де үлкен қаллардың бірі болып есептелген. Кейін де Алашаорашылар үлкен шешім қабылдаған жер. Қала жұртшылығына, әсіресе жастарға осы көрмені ұйымдастырып отырмыз.

Көрмеге жасөспірімдер көптеп келді. Олар ел астанасының гүлдену жолына көз жүгіртуде.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...